МҰРАЖАЙДЫҢ МҰҚТАЖЫ

15:03, 11 қыркүйек 2019

Облыстық бейнелеу өнері мұражайына жаңа ғимарат қажет. Себебі белгілі суретшілердің картиналары стандартқа сәйкес сақталмаған. Қызметкерлердің айтуынша сақтау орындарында қажетті ылғалдылық пен қалыпты температура жасау қиын.Сондықтан қылқалам туындыларының жойылып кету қаупі бар

Мұражайдың алтын қоры мен 11 мың жәдігер кез-келген уақытта судың астында қалуы мүмкін.Өйткені музей көп қабатты үйдің төменгі жағында орналасқан.Себебі жергілікті тұрғындар мәдени мұралардың үстінен бір емес, бірнеше рет су ағыздырып жіберген көрінеді.Ал 2017 жылы ыстық судың салдарынан 50 картина жарамсыз болып қалған.Жалпы саны бейнелеу өнері мұражайында 6 қойма бар. Мұнда көлемді суреттерге  орын жетіспегендіктен  туындылар еденде сақталады екен.

Ал бұл музейдегі бірден-бір бөлме, онда қажетті параметрлар сақталады. Аядай орындағы ауа температурасы 18 градусты көрсетіп тұр. Ылғалдылығының өзі 50 пайыздан аспайды.Сәйкесінше метал ілгешектердің  әрбіріне картина мықтап  бекітілген.

Дәмелі ҚАДЫРҚҰЛОВА, облыстық бейнелеу өнері мұражайының бас сақтаушысы:

-Негізі бір қоймада экспонаттардың бір түрі  ғана болуы керек. Мысалы, кенепке майлы бояумен салынған кескіндеме. Онымен акварель жұмыстары араласпауы тиіс. Олардың  еріп кетуі  әбден мүмкін.

Музейдегі тағы бір мәселе. Мұражайдың экспозиялық жұмысы үшін  екі зал жеткіліксіз,- дейді мамандар.Себебі қызметкерлерге тарихи туындылары туралы айту мен көрсету ыңғайсыздық тудыратын болса керек.Алайда жәдігерлерді сақтау қолайсыздық тудыратынын айтады жауаптылар.

Дәмелі ҚАДЫРҚҰЛОВА, облыстық бейнелеу өнері мұражайының бас сақтаушысы:

- Бірегей экспонаттардың  жәйі осындай.Біз барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Дегенмен тұрақсыз температура туындыларды  бүлдіріп, реңін кетіреді.

Мұражай қызметкерлері жаңа ғимараттың құрылысына жер бөлу мәселесін бірнеше рет көтерген. Бірақ осы күнге дейін әлі  нақты нәтиже жоқ.

Азамат ИМАНБАЙ, Қарағанды қалалық  әкімдігі  бөлім басшысының орынбасары:

- Бұрын Құрылысшылар даңғылы бойынша жер учаскесі қаралған. Бірақ "Сарыарқа" Әлеуметтік кәсіпкерлік кооперевтивінің өтініміне сәйкес ол жер  инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ұсынылды.Бүгінгі күні жаңа жер телімін бөлу үшін мәдениет басқармасы тағы да өтініш беруі тиіс.  Оны олар қалалық  әкімдікке жібергені жөн.Кейін өтінім тиянақты түрде қаралып, қаланың жоспарының сай  жер учаскесі берілетін болады.

Біз бейнесюжетті дайындап жатқан сәтте мұражай директоры тағы да жер қатынастары бөліміне бас сұққан еді. Алайда жауапты мамандар оған алдымен  ғимараттың жобасына тапсырыс беру керектігін айтқан.Содан кейін ғана жерге өтінім бересіз деп шығарып салған.

Бибігүл ҚҰДАБАЕВА, облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры:

- Жоба деген жай ғана әзірлене салмайды ғой. Біз бірінші кезекте жер телімін бөлуге  қайтадан өтінім беру керекпіз.  Яғни кез-келген сәулет жобасын жасаушы  жер учаскесінің  көлемін анықтайды.

Айта кету керек, аталған ғимаратта бейнелеу өнері мұражайы 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Ал бастапқыда бұл алаң дүкенге арналған және мәдениет нысанына емес.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар