Мұражай қызметкерлері Наурыз меркесін атап өтті

19:25, 17 наурыз 2017

Ынтымақ ұялап, бірлік қонған қазақ жеріне көктемнің жарқын мерекесі - Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз да келіп қалды. Еліміздің басты мейрамын тойлауды Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұжымы да бастап кетті. Атаулы датаға орай көпшілік жарасымды сән-салтанатымен түрлене түскен сахна төрінде бас қосты

«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата - ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан. Сахна төрінде ұлттық нақыштағы киімдер арқылы барлық салт-дәстүр көпшілікке жан-жақты түсіндірілді. 14 жасар Лиза Павличюк бұл кештен көп пайдалы нәрсені естіп білгенін айтады. Ол қазақтың қыз ұзату салтының бар ерекшеліктерін осы жерден ұғындым дейді.

Лиза ПАВЛИЧЮК  мектеп оқушысы

Мен қазақтардың қыз ұзатуына қатты қызығып кеттім. Олай үйлену тойына дайындаиды деп еш ойламаппын. Әдемі киімдер ибалы, инабаттылықтың бейнесін көрсетті. Келгеніме өте қуаныштымын.

Көпшілік назарына сырға салу салтының мән-мағынасы түсіндірілді. Қазақ дәстүрінде  қызға тағатын  ұлттық нақыштағы жүзік, білезік,  түйме, моншақ секілді әшекей бұйымдар да мектеп оқушыларына көрсетілді.  Шара аясында, «Арнау» хореографиялық ансамблінің мың бұралған қыздары би билеп кештің көркін қыздыра түсті.

Наурыз мейрамына арналған кеште ұлттығымыз ұлықталып, қазаққа тән қасиеттер паш етілді. Мерекелік кеш соңында, жиылған қауым Наурыз көжеден дәм татты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
16:56, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...