МҰРАГЕРДЕГІ МЕРЕКЕ

13:37, 15 сәуір 2019

Қаламыздағы білім ордасының қара шаңырағы «Мұрагер» мектеп-интернатында «Көктем фесивалі» өтті.Ілкімді шара, Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі аясында қолға алынған. Оған, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары,ағарту саласының ардагерлері және арнайы шақырылған қонақтар мен ата-аналар қатысты

Мектеп ауласына жиылған қауым бірін-бірі қызу құттықтап,ақ тілектерін ақтарып жатты.Арасында еңбектеген бала да, еңкейген қарияда бәрі-бәрі осында.Қазақта «сәуір болмай, тәуір болмас» деген қалт етпес қағиданы берік ұстанған мектеп ұжымы осыңау айтулы да атаулы мәдени және рухани шараны сәуір айында өткізуді жөн санапты.Дәл сол күні ауа райы да, оң қабақ танытып дәсүрлі мерекенің  одан сайын айшықтала  түсуіне өз септігін тигізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан шара, осылайша өз меймандостығымен ерекшеленді дейді-Қарағанды қалалық мәслихаттының хатшысы

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-«Мұрагер» мектебі алдынғы қатардағы білім ошақтарының бірі.Бұл мектептен талай дарынды оқушылар шықты. Өткізіліп жатқан «Көктем фестивалі» құтты болсын. Оқуда озат болыңыздар демекпін

Аспан мен таласа ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп,ақ дастархан жайлып,табақ толы ет пен қоса ұлттық тағамның бірнеше түрі қонақтар назарына ұсынылды.Ашық аспан астында бауырсақ пісіріліп,палау әзірленіп, наурыз көже таратылды.Мерекеге жиылған меймандос қауым да бір-біріне ақ мол болсын деп, ақжарма тілектерін ақтарып жатты.Осындай шаралар оқушылардың бойына патриоттық сезім мен ел мен жерге, отанға деген сүйіспеншілікті тіпті ұлтажандылық қасиеттерді  мықтап сіңіруге мол мүмкіндік береді,дейді,- аузы дуалы,сөзі уәлі ақсақал Мақсұт Жұмашұлы

 

 

Мақсұт ЖҰМАШҰЛЫ, «Доскей» ауылының тұрғыны:

-Барша жиылған қауымды,жас ұрпақты осыңау көктем мерекесі мен құттықтаймын.Оқушылар білім мен ғылым жолында биік жетістіктерге  жетіп,көкке самғай берсін.Ұстаздар қауымына да, жас  ұрпақ тәрбиесінде қанаттары талмай қызмет ете берулеріне тілектеспін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқу жылы барысында «Бір ел,бір кітап», «Тәуелсіздік тұғырым», «Мен өз елімнің патриотымын», «Елін сүйген ел ағасы», «Ұлы тұлғалармен кездесу», «Үлкенге ізет, кішіге құрмет»,атты тәрбиелік мәні бар шаралармен қоса енді міне, «көктем фестивалі» өтуде дейді,- мектептің озат оқушыларының бірі, Батыр Аманкелді

Батыр АМАНКЕЛДІ, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының  оқушысы:

-Бүгін біздің мектепте «Көктем фестивалі» өтіп жатыр.Өте қуаныштымыз,келген қонақтарды құттықтаймын.Барлық сыныптастарымды оқуда озат болуға шақырамын

Мұрагер мектебіндегі  « Көктем фестивалі» ұлттық спорт ойындары және сазды сахнадағы мерекелік концертпен өз жалғасын тапты

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар