Мүлікті қайта жариялау науқанының қортындысы жарияланды

Облыс бойынша акция аралығында жалпы 137 миллиард теңгенің мүлкі мен капитал жекешеліндіруден өткен. Нысандардың көп бөлігі Қарағандыда ал, ең азы Ақтоғай ауданында заңдастырылыпты. Райхан Сайранбек толығырақ айтып береді

19:17, 10 қаңтар 2017   115

Жекешелендірудің соңғы акциясы 2017 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, өткен жылы 31 желтоқсан күні аяқталған болатын. Осы уақыт аралығында мыңдаған қазақстандықтар өз мүліктері мен қаржылай активтерін заңдастырып үлгерді. Аймағымызда жүргізілген жұмыстар жиналыс барысында қортындыланды.

Акция аралығында әкімшілік жанынан құрылған комиссия жекешелендіруге қатысты  1300-ден аса өтініш қабылдаған. Бірақ оның  700-ден астамы  ғана  қанағаттандырылған.  Аймақ тұрғындары құны  13 миллиард  теңге көлемінде  820 жылжымалы және жылжымайтын нысандарды  заңдастырған.

Ал мемлекеттік кіріс органдары облыс тұрғындарынан  125 миллиард теңге  көлемінде 725 арнайы декларация қабылдады.

Мүлікті жекешелендіру құнымен 16 аймақ арасынан Қарағанды облысы 13-ші орында тұр. Қаржы бойынша төртінші орынға тұрақтаған.

Райхан САЙРАНБЕКҚЫЗЫ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25