Мүгедектіктің ауыр түрімен де бақытты өмір сүруге болады

12:59, 12 шілде 2017

Бұл қағиданы Балқаш қаласының «Үлкен жүрек» қоғамдық бірлестігінің ұжымы дәлелдеп отыр. Орталықтың мақсаты - мүгедек балаларды сауықтырып, оларға бақытты өмір сыйлау

«Үлкен жүректің» жұмысы 2009 жылы басталған.  8 жыл аралығында орталықтан сал ауруына, Даун синдромына шалдыққан  160 бала емделіп шықты. Олардың 39 бүгін мектеп, балабақшаларға барып жүр. Тұрғын үйдегі орталық төрт бөлмеден тұрады. Сабақ аптасына екі кезең бойынша жүргізіледі.  Балалар жеке әрі,  топқа бөлініп сабақ  оқиды.  Қызметтің барлық түрі тегін. Сауықтыру орталығы арнайы қондырғылармен жабдықталған. Олардың көмегімен  ерекше жандарға ем-дом шаралары көрсетіледі.  Балармен психолог, логопед мамандары жұмыс жасайды. Мысалы арт-терапия кабинетінде балалар ермексазбен жұмыс істеп, сурет салу, құрастыруды үйренеді. Бүгінгі күні «Үлкен жүрек» қоғамдық бірлестігі өз саласының үздігі.  Орталық бірнеше рет  сыйақылармен марапатталған.

Людмила ДЕНИСОВА Балқаш қаласындағы «Үлкен жүрек» ҚБ төрағасы

- Ерекше білімге құштар балалармен де ерекше жұмыс жасау керек. Барлық мемлекеттік бағдарламаларда бұл мәселе қарастырылмаған. Мұнда балалар  тек білім алып қана қоймай, олар жануарлармен жақынырақ таныса алады. Жануарлардың ерекше  балаларға көмегі зор.

Балқаш қаласындағы тіркеуде тұрған  243 мүмкіндігі шектеулі балаға бұл бір ғана орталықтың қызметі аз әрине. Былтырғы жылы жергілікті билік өкілдері  орталыққа  кең, заманауи ғимарат тұрғызу үшін  жер бөлігін  сыйға тартқан.  Қазір құрылыс жұмыстарына демеуші табылмай отыр.   

Райхан САЙРАНБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...