МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МҰҚТАЖЫ

13:09, 12 қыркүйек 2019

Арнамыздың жедел – желісіне мүгедек қос қызы бар ана мен Семей ядролық полигонынан зардап шеккен ақсақал хабарласты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ана тұрғын үйінде пандус жоқ екенін алға тартса, егде жастағы азамат 15 жыл бойы баспана кезегінде тұрмын, әлі 303 орындамын деп өкпесін білдірді. Олардың көтерген мәселесі шешім табады ма?

Тағдыр тәлкегі шыр айналдырып, өмірдің өзі сарсаңға салған Қапиза Хамитова екі бірдей мүгедек баласын жетектеп келеді. Ана осыған дейін алты құрсақ көтеріп, оның үшеуі бұл фәнимен қош айтысқан, жолдасы 1996 жылы өмірден өтіпті. Артынша он жасына дейін денсаулығында кінәрат болмаған қос перзентіне ауыр диагноз таңбадай тағылды.

Қапиза ХАМИТОВА, мүгедек балалардың анасы:

-Жолдасым қайтыс болғаннан кейін қасымда анам болды. 1996 жылдан бері бала тәрбиесіне, оларды өсіруге анам көмектесті. Одан кейін 2012 жылы ол кісі ауырып қалды, артынша 2015 жылы қайтыс болды.Еңбекте болғанда столовыйда істедім, одан кейін осыжерге келгенде Қазыбекби ауданының әкімлігінде еденжуушы болдым. 2012 жылы есеп алдым.Адам қиындықты өзі жеңе алады. Қиындық адамның өзіне байланысты. Қындықты женсең, бәрінен шығасың. Онсыз өмір жоқ. Бәрінде де қиындық бар.

Қазір ол Оңтүстік – Шығыс ауданында өмір сүріп жатыр. Қыздарының алды 42 – де, ал кішісі 35 – ке аяқ басқан. Олардың күтімі, серуені – бәрі бір ананың мойынында. Көпқабаттыда тіпті пандус та орнатылмаған. Жалғызбасты жан күнде мүмкіндігі шектелген қос баласын арқалап түсіруге мәжбүр. Қапиза ананың мұқтажын билік өкілдеріне жеткізіп көріп еді.

Бақытнұр ТАЛИПОВА, ҚЖҚжӘБ  бөлімі басшысының орынбасары:

-Тұрғын – үй жеке – меншік қарамағында. Ондағы пандус мәселесін тұрғындар мен тұрғын – үй коммуналды шаруашылық өкілдері өзара келісіп шешу керек. Біз ол жерге барып өзгерістер енгізе алмаймыз. Жалпы Қарағанды бойынша 24 мыңға жуық мүмкіндігі шектелген жан бар. Бүгінде олардың барлық жағдайлары жасалып жатыр. »

75 жасар Жеңіс Олжабаев та өмірден қиындықты көп көрдім деп ағынан жарылды. Ақсақал бірінші топтағы мүгедек, екі аяғы бірдей жұмыс істемейді.. Сонда – да қол қусырып отырмақ емес. 25 жылдан бері көлік жүргізіп, таксимен адам тасиды. Жүріп – тұрып, қажеттіліктерін өтеуге ақжарқын әріптестері қолғабыс жасайды. Қарияның соңынан ерген үш баласы және бірнеше немересі бар. 15 жыл бойы баспана кезегінде тұр. Ұрпағыма бір пәтер әперсем деп армандайды.  

Жеңіс ОЛЖАБАЕВ, таксис:

-Мынау бақайдың басымен жүрдім. Өкше жерге тимейді. Содан кейін отбасы құрдым. Енді қартайғаннан кейін жұлын тартып жүре алмай қалдым. Қиындықтың бәрін көрдім. Осы жанталасып жүргенім де өзім үшін емес. Мына артымдағы ұрпағыма. Осыларға қалсын деп жүрмін.

Мемлекет тарапынан берілетін пәтер қашан болары белгісіз. Қарияның алдында баспанаға мұқтаж әлі 302 адам тіркеуде тұр. Жауапты органдардың сөзіне сүйенсек, жақын арада үйден жағымды хабар болмайды.

Әсет АЛДАБЕРГЕНОВ, тұрғын – үй қатынастар бөлім басшысының орынбасары:

-Олжабаев Жеңіс Қарағанды қаласының тұрғын - үй қатынастар бөлімінің баспанаға мұқтаждар тізімінде 2005 жылдан бастап тұр. Оның кезегі қазіргі таңда 303. Алдында әлі 302 адам бар. Қалалық тұрғын - үй қатынастар бөлімінде 17 мың халық кезекте тұр. Ең бірінші тұрған азамат 2003 жылдан бастап тұр. Ол кісіге кезек қалай жетеді, солай береміз. Бірақ та Қарағанды қаласында бағдарламалар бойынша үй алуға мүмкіндігі бар.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ, тілші:

- «Үп – еткен желді» -дауыл деп әсте сәл қиындыққа мойынсұнып, 12 мүшеміз сау болса да, өмірден түңіліп жатамыз. Бұл фәнидің күрес екені, еш қиындыққа мойымау керектігі бүгінгі кейіпкерлерге қарап еске түскендей.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар