МҰҒАЛІМДЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛДЫ

15:54, 3 қазан 2019

Достық үйінде ұстаздар күні мерекесіне орай, салтанатты жиын болды. Оған облыс орталығындағы барлық білім ошақтары ағарту саласының өкілдері қатысты. Мерекелік шара мұғалімдердің дәстүрлі мерекесіне орай ұйымдастырылған

Достық үйінің акты залында ине шаншар орын жоқ.Жиылған қауымның көңіл-күйі көтерінкі. Олар меймандостық пен мерекенің құрметіне бөленген. Иә, ұстаз - ұлағатты есім,  жарқын болашақтың ұстасы. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлімді тәрбие алуына  сүбелі үлес қосып жүрген үздік ұстаздар қауымы осында бас қосқан. Кәсіби мереке қарсаңында  озаттардың есімдері аталып, оларға зор құрмет көрсетілді.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Бұл елдегі ең қадірлі, ең маңызды әрі аса жауапты мереке. Себебі, тәуелсіз Қазақстан болашағы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келе жатқан ұстаздар қауымына қандай мақтау айтсақта артық болмас деп ойлаймын.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге мұғалімдердің қосып жүрген үлесі қомақты. Бұл турасында салтанатты жиын барысында жан-жақты айтылып, олардың еңбегіне жоғары баға берілді. Бірқатар ұстаздар қауымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қарағанды қаласы әкімі мен қалалық мәслихаттың  мақтау-марапаттарына ие болды.

Ұлжан АҒЫНБАЕВА, №82-ші жалпы білім беретін орта мектептің директоры:

-Бүгінгі қуанышымды әрине, өзім қызмет ететін Қарағанды қаласындағы № 82 мектептің барлық ұстаздар ұжымы мен оқушылар және ата-аналар сондай-ақ, өзімнің отбасым мен бөлісемін. Мереке құтты болсын!

Мерекелік шара барысында «Қарағанды қаласының жас мұғалімі-2019» байқауы өтті. Оған 7 үміткер қатысты. Жеті аталым бойынша өткен сайыста әділқазылардың шешімімен №97-ші гиназияның тарих пәні мұғалімі Олег Тё «Шеберлік жолында» аталымы бойынша диплом мен 100 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Олег ТЁ,  «Жас мұғалім-2019» байқауының жеңімпазы:

- «Жас мұғалім-2019» байқауында бас жүлдені жеңіп алдым. Мен өте қуаныштымын. Осы сәтті пайдалана отырып, барлық ұстаздар ұжымын осынау мерекемен қызу құттықтаймын!

Достық үйіндегі  ұстаздар құрметіне орай өткен  шара одан әрі мерекелік концерт пен өз жалғасын тапты

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар