МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ МАҚСАТЫ

12:57, 30 шілде 2020

Әр тұрғынның денсаулығы басты назарда. Әсіресе осындай дүрбелең уақытта қауіпсіздікке баса көңіл бөлген жөн. Шет ауданында мобильді топ- дәріханалар мен дүкендерге және жекелеген мекемелерге рейд өткізді. Санитарлық норманың сақталуын қадағалау – тексеруші топтың басты мақсаты

Медециналық қоғаныс құралдарын пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы. Мекемелердің кіреберісінде дене қызуынының көрсеткіші жазылған журналдардың болуы да шарт. Осы бір ең керекті ережеге бағынбайтындар да  бар. Міне, дәл соларға жауапкершілікті ұқтыру үшін мобильді топтар құрылып, карантин режимінің сақшыларына айналған. Олардың құрамына жергілкті әкімдік пен санитарлық қызмет және полиция өкілдері кіреді. Мамандар карантин кезінде жұмыс істеп жатқан дүкендер мен басқа да  мекемелерді тесерді.   

Болат АЛПЫСБАЕВ,  Шет ауданының бас санитарлық дәрігері:

- Тексеруде біз медециналық бетперделерді киіп жүр ме, зарарсыздандыру сұйықтықтары бар ма соны қарадық. Оның ішінде жұмыскерлердің дене қызуы жазылатын дәптер де бар. Өздеріңіз байқағандай тұрғындарда жауапкершілік пайда болған. Адамдардың бәрі бетперде киген, қоғамдық орындарды әлеуметік арақашықтықты сақтайды.

Мобильді топтың мақсаты айқын: Кәсіпкерлерге карантин талаптары жөінінде ақпарат беріп, оның бұзғандарға айыппұл толтыру. Олардың қызметінің сапасына көп нәрсе байланысты. Оны топ мүшелері жақсы түсінеді. Карантин талаптары сақталмаса қауіпті індеттің ода әрі өршитіні анық.  Мамандардың айтуынша, медециналық бетперде мен қорғаныс құралдарын пайдалану – күнделікті әдетке айналып отырған көрінеді. Сондықтан  халық денсаулығы үшін  қарапайым ережелерді сақтау өте маңызды.

Ирина ДРОЗДОВА, дүкен сатушысы:

- Басында бұл тәртіпке үйрену қиын болды. Сосын рейд өткізіп жүрген мамандардың күшімен, ықпалымен оған да үйрендік. Адамдар да түсіністікпен қарай бастады. Әуелгі де олардың тарапынан жақтырмаушылық байқалатын. Бетперде кимейтіндер болды, зарарсыздандыру сұйықтықтарына аллергиям бар дейтіндер де табылды. Бірақ үйренді.

Мобильді топ өз жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Осы уақыттың өзінде 150 мекеме тексерілген. Оның алтауынан заң бұзушылық анықталған.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар