МОБИЛЬДІ РЕПОРТЁР ХАБАРЛАЙДЫ

17:55, 17 шілде 2019

Күні кеше Саран тас жолынан өткен жұрт қызыл жалынның куәсі болды. Біздің мобильді репортеріміз төтенше жайттың қазіргі жай-күйін жеткізді

Кеше, сағат 18:31  шамасында қоқыс өңдейтін зауыт аумағында өрт орын алды деген шұғыл хабар жетті. 1000 шаршы метр көлемді алып жатқан қоқыс алаңы қызыл жалынға оранды. Оқиға орнына Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар қызметінің 49 өрт сөндірушісі мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Жалын кешкі сағат 20.57-те ауыздықталды. Түні бойы қажетті шаралар жүргізілді. Өрт қауіпі толық сейілтілді. Енді, тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар