МІНДЕТ АЙҚЫН – МАҚСАТ ОРТАҚ

16:30, 29 қараша 2019

Мақсаты мен мүддесі бір елдің - болашағы биік. Қарағандыда «Nur Otan» партиясы облыстық активінің кезекті жиналысы өтті. Онда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың партия алдына қойған басты міндеттері талқыланды

Мемлекет қарыштап қарқынды  дамуы үшін , күш-жігерді біріктіру керек.  Аймақтық партия көшбасшыларымен кездесуінде Елбасының тапсырмасы осындай болды. Алдымен  "Нұрлы жол", "Ауыл - ел бесігі" "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларын және "Қазақстан – 2050" Стратегиясын жүзеге асыру міндеттелді. Жиналыста ілкімді істердің бастамасын   «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жеңіс Қасымбек баяндады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, «Nur Otan» ҚОФ төрағасы, облыс әкімі:

-Барлық реформалар өңірлерді дамытуға бағытталған. Бөлінген қаражаттың жұмсалуына нақты партиялық бақылауды қамтамасыз ету маңызды. Және мәслихаттардағы әрбір әкім мен фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігі күшейтілуі қажет. Біздің алдымызға зор ұрандар айтпай, нақты істер атқаратын партияға айналу міндеті қойылды.

Елбасының аймақтық партия  өкілдерімен кездесуінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың қызметіне ерекше тоқталған болатын. Еліміздің Тұңғыш Президенті маңызды шешімдер қабылдаудағы олардың орны ерекше екенін атап өтті. Сайлаушылармен байланыс орнату маңызды.  Бұл бағытта Қарағанды облысында  халық қалаулылары "әлеуметтік тәуекелдер картасы" жобасын  іске асырмақ.

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Картада қайда қандай проблемалар бары белгіленеді. Мысалы, Абай немесе Бұқар Жырау ауданында,  Балқаш қаласында депутаттар бюджетті атқарушы билікпен бірге қараған кезде, осы мәселелерге бірінші кезекте назар аударылып, сол бағытқа  ақша бөлетін болады.

Облыстық активте үздік бастауыш партия ұйымдары атап өтілді. Партия мүшелері - жергілікті жерлерде атқарылатын  жұмыстар мен негізгі бағыттарын анықтады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар