МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ӨҢІРІМІЗДЕ

16:25, 20 тамыз 2019

Елімізде мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары басталды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірқатар депутаттары біздің өңірімізге келді

ҚР Парламенті Мәжлісінің депутаттары  Мансұрхан Махамбетов пен Жамбыл Ахметбеков  көші-қон орталығының жұмысымен танысты. Аталмыш орталық «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отырған облысымыздағы басты кешен.  Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін едәуір қысқартып, өтініштерді жедел қабылдайды. Бұл ретте, электрондық кезек, қызметті кедергісіз көрсету, қызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл тікелей, Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жемісі.

Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Цифравизация дегеніміз өте керек. 2017 жыл бойынша көші-қон бойынша 100 миллион теңгеден астам қаражат түскен. 2018 жылы 230 миллион теңге. Бұл біріншіден жемқорлыққа қарсы. Ашықтық. Кез-келген мемлекетке қажет.

Халық қалаулылары көш-қон қызметі орталығының әрбір қызмет көрсету үлгісіне тоқталды. Мысалға, бұл орталық арқылы өңірімізге келген әрбір мигранттың саусақ ізі, уақытша тұрағының мекен-жайы секілді басты ақпараттарымен толығуда.   Жаңа мекемеде дәрігер кабинеті де бар, ол жерде медициналық тексерістен өтуге болады, дактилоскопия, сақтандыру кабинеттері мен арнайы оқытылған кеңесшілер бар. Мамандандырылған ХҚКО қызметінің  11 түрі көрсетіледі. Қазір,  құжаттарды ресімдеу шетелдіктердің небәрі бір сағаттық уақытын ғана алады.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Сандық технологияға қаржы көптеп бөлінеді. Оның ішінде, көші-қон саласы үшін қажеттілік ерекше. Заңдық тұрғыдан тиімді тұстарын қарастырамыз. Қызмет алу кезінде адамдар көптеп кезекте тұратын жайттар орын алады. Қарапайым түрде алсақ, осының өзін біршама жеңілдетеді.

Соңғы жеті ай бойынша мұнда 2000 астам шетел азаматы құжаттарын рәсімдеп үлгерген. Көші-қон қызметі орталығында болған мәжіліс депутаттары Жамбыл Ахметбеков пен Мансұрхан Махамбетов аймағымыздағы өзге де мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер мен өндіріс ошақтарының сандық технологияны меңгерудегі басты ерекшеліктерімен таныспақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар