Метан газы - халық игілігіне

17:49, 11 қазан 2017

Аймақ жетекшісі Ерлан Қошанов, көмір қабаттарындағы метан газдарына барлау және өндіру жұмыстарының барысымен таңысты. Бұл жобаға байланысты, Абай ауданының «Шерубай-Нұра» бөлігінде геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстары жүруде

Өндіріс қажеттілігіне байланысты көмір қыртысынан метан газын өндіріп, оны кәдеге жарату -Елбасының тікелей тапсырмасы. Басты мақсат - кеншілердің жұмыс қауіпсіздігін сақтау.  Ілкімді жобаның қолға алынуы, елімізде жаңа  отын және энергетика саласын дамытуға өз септігін тигізбек. Метан газы - баламасы жоқ энергия  қуаты. Оның мол қоры бар екені белгілі. Келешекте бұл  Астана қаласы мен  Қарағанды облысын көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін өте тиімді. Аймақтың «Шерубай-Нұра» бөлігігінде оны өндіру үшін «Сарыарқа ӘКК» ҰК және «КазТрансГаз» бірлесіп жүзеге асыруда. Мұнда 8 ұңғыма қазылған.

Николай ДРИЖД техника ғылымдарының докторы

Бұл өте өзекті бағыт. Осыдан ондаған жылдар бұрын біздің алдымызда шахталарды газдан тазарту проблемасы тұрған. Бүгін біз дек сол жолмен келе жатырмызх. Ең бастысы тәжірибелік-өндірісті ұңғымалар оң нәтиже берді.

Мамандар учаскіде қабаттарды гидро ажырату әдісін қолданады. Осы секілді технология Қарағанды көмір бассейндеріндегі тығыз қабаттарға аңағұрлым ыңғайлы. Барлау жұмыстарына шамамен 2 миллиарқа жуық инвестиция құйылған. Іріктелген керн АҚШ, Германия және Польша елдерінің зертханаларында зерттелген.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Бұл жұмыстарды аяқтау қажет. Біз оған қомақтыв қаржы құйдық. Сіздер өз басшылықтаврыңызғ,а жеткізіңғіздер. Мен де олармен сөйлесемін. Қосымша қаржы бюөліп, жұмыстың нүктесін қою қажет. Әйтпесе, бұл қаржы желге ұшқандай болады.

Шерубай-Нұра учаскесі бойынша бағалы қорлар қажет. Бұл жұмыстар екі жылға созылды. Қазір жауапты инвесторларды қосымша тарту көзделуде. Аймақ жетекшісі Ерлан Қошанов бұл жоба  еліміз үшін аса қажет деп атап өтті. Көмір өндіретін кен орындарындағы потенциалды метан қоры бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші 10 ел қатарына кіреді екен.Гелогиялық барлау және бағалау жұмыстары аяқталған соң, газ қорын мемлекеттік пайдалы қазбалар балансына қою шаралары жүргізілмекші.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...