МӘРТ МЕЦЕНАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

16:14, 5 желтоқсан 2018

Әлеуметтік нысандарын қалыпқа келтіріп, қайырлы істің қасынан табылатын кең пейіл кәсіпорын жетекшілері марапатталды.Мәрт меценаттарға Қаражал қаласы әкімінің «Жомарт жүрек» атты сыйлығы табысталды.Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде шымылдығын түрді.Өркениеттің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың құрметіне көңілді бағдарламалар ұсынылды.

Мұсылманбек Нұрымов  туған жерін түлетуді  перзенттік парызы  санайды.Меценат биыл Қаражал қаласындағы №5 орта мектепке күрделі жөндеу  жүргізіпті.Ол білім ошағының  қазандығын ауыстырып, ыстық және суық су кіргізген.Кarazhal Operating  жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің директоры  оқу ордасын қалыпқа келтіруге  17 миллион теңге жұмсаған.

Мұсылманбек НҰРЫМОВ,  «Кarazhal Operating»   ЖШС  директоры:

-Бүгін бізге ерекше қуанышты күн.Еңбегімізді бағалап,сый құрмет жасалды.  Жоспар жойқын, мақсат айқын. Басты мақсат ұрпаққа ой салу.

Ал осы күні қадірлі құрмет тек  атымтай азаматтарға арналды.Шахардың шырайын келтіруге аянбай атсалысып, аз қамтылған отбасыларына  қол үшын созған кеңпейіл кәсіпкерлердің еңбегі ескеріліп еленді. Оларға  «Жомарт жүрек» сыйлығының мүсіншесі  мен арнайы диплом  салтанатты жағдайда табысталды.Әлеуметтік нысандарды айнадай етіп, айналасын абаттандырған мәрт меценаттар сегіз аталымға сәйкес  лайықты деп танылды. Мәртебелі мадақтаулар  өз иелерін тапты.

Шахризада  ФАЗЫЛҚЫЗЫ: 

-Бізде сол кісілердің ізін басамыз деп ойлаймыз. Менің алғашқы патриоттық қадамым.Өзімде өскенде Қаражал қаласы мен Жәйрем кентін азаматтар секілді көркейтуге тырысамын.

Шаттықты шара көңіл көкжиегін  серпілтетін концертке ұласты. Мың бұрала билеген өнерпаздар мен эстрада жұлдызы  Роза Әлқожа кештің көркін қыздырды.Бүгінде Қаражалдағы өндіріс орындарының қарқыны қуатты, қадамы қарышты.Ал өлкенің жыл санап емес, күн санап  көркеюі  жергілікті  билік пен  кәсіпорындар арасында жасалған екі жақты келісімнің кемелі  көрінісі.

 Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

 Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...