МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

16:21, 4 желтоқсан 2018

Тұңғыш Президент күні мерекесінде Қарқаралыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Аудан шаруа қожалықтары өз өнімдерін арзандатылған бағамен сатты. Дәл сол күні «Жастар жалыны» атты жастар форумы ұйымдастырылды.

Тұңғыш Президент күніне арналған жәрмеңкеде қолжетімді бағада азық-түлік өнімдерінің бірнеше түрі аудан халқына ұсынылды. Онда, ет, сүт және басқа да таза экологиялық табиғи  азық-түлік саудаланды.

Бұл күні мәдениет үйінде «Жастар жалыны» атты жастар форумы өтті. Оған ауданның дамуына белсенді үлес қосып жүрген жалындаған жастар қатысты. 40-тан астам делегаттар арасында еріктілер лигасының мүшелері және әр кәсіп  иелері де бар. Шарада Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов баяндама жасап, тұңғыш президент күнімен құттықтап, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады.

Халел МАҚСҰТОВ, Қарқаралы ауданының әкімі:

-Қол жеткізген биік белестерімізді біз ең алдымен Қазақстан Республикасының  Президентімен тығыз байланыстырамыз.Тәуелсіздік жылдар ішінде елбасымыздың мемлекеттің нығайып,тәуелсіздік тұғырының беріктігіне халықтың әл-ауқатының жақсаруына қосқан үлесі қомақты.

Бұдан бөлек форумда Қарқаралы ауданындағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға өз үлесін қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің гранты табысталды. Олардың арасында «Әсем» демалыс аймағының иесі Әсем Азаматқызы да бар. Ол аудан әкімінің 900 мың теңгелік грантына ие болды.

Әсем ҚАБДІЛКӘКІМ, «Әсем» демалыс аймағының иесі:

-Бүгінгі күн ерекше күн.Өзімнің жобам жеңіске жетті.Қарқаралы ауданының әкімшілігіне алғысымды білдіремін

Сондай-ақ, 6 аталым бойынша «Сұңқар» жастар сыйлығының иегерлері белгілі болды. Жалпы Қарқаралы ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаттары  және слайд бойынша саяхаттар өткізілді. Мереке спорттық ойындармен жалғасты.

Сейітқали ӘШІМ

 Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...