МЕРЕКЕЛІК ШАРА

12:12, 15 наурыз 2018

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында оқушылар «Ұлыстың ұлы күнін» тойлауға жиналды

Онда олар арқан тартысып, асық ойнап, ұлттық құндылықтармен танысты. Үш-үштен екі топқа бөлінген жігіттер санаулы минутта белгіленген сызықтан бірін-бірі шығарып тастауы тиіс. Бұл қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс» деп аталады. Яғни әр топ  жеңіске жету үшін бар күш-қайратын жұмсап, ұйымшылдық танытып,  барын салды.

Ернар ӘЛІБЕКҰЛЫ   5-сынып оқушы

Арқан тартысудан қарсылас команданы жеңіп кеттік. Өте ұнайды бұл ойын. Тек, мереке қарсаңында емес, достарымызбен бос уақытымызда ойнап тұрамыз.

Ал Асық ату ойынында әр үміткердің мергендігі мен ептілігі сыналады. Олар тізбектелген асықты дәлдеп атып, шеңберден шығара алса жеңімпаз атанады.  Жігіттер асығы алшысынан түскенше беріспеді. Ұйымдастырушылар осы шара арқылы қазақтың ұлттық ойындарын  баланың санасына сіңіріп, жаңғыртуды көздейді. Сондай-ақ оқушылар кітапхананы аралап, ұлттық салт-дәстүрді топтастырылған оқулықтармен танысты. Олардың назарына көрмеде қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен қол өнерін насихаттайтын шығармалар да қойылды.

Қалқатай ҚАЛИЕВА қызмет көрсету бөлімінің маманы

Біз оқушылардың барлығын шақырамыз, білмейтіндерін үйретіп, көрсетіп, қолымыздан келгенше көмектемесміз. Ұлттық құндылықтард жастарға насихаттау біздің міндетіміз деп білеміз.

Шараға қатысушылар  ұлттық аспапта орындалған  күй мен дәстүрлі әндерді тыңдай алды.  Ұлттық мейрамымды ұлықтап, насихаттап жүрген мекеме қызметкерлері - бұл шара 1 аптаға жалғасатынын айтады.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар