МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАРАПАТТАЛДЫ

16:36, 2 қыркүйек 2019

Конституция Күніне орай Теміртау қаласында бірқатар дәрігерлер, кәсіпкерлер мен меценаттар және ұстаздар мараптталды. Аталған азаматтар құрышты қаланың дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар. Ал тұрғындар үшін "Бірлігіміз жарасқан" ұлттық мәдени орталығының мерекелік фестивалі ұйымдастырылды

Теміртаулықтар «айбарлы - ата заң» күнін «Восток» саябағында атап өтті. Биыл тұрғындардың сүйікті орыны күрделі жөндеуден өтті. Едәуір ескірген орын жаңаша реңге еніп, қала тұрғындары бос уақытын өткізетін орынға айналған.

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

-Біз бүгін конституцияның 24 жылдығын осында атап өтіп жатырмыз. Бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бүгін қала тұрғындары бірқатар концерттермен, спорттық шараларды көреді. Ата заң күні құтты болсын.

Қала әкімінің құттықтауынан кейін Теміртау қаласының дамуына еңбегімен елеулі үлесін қосып жүргендер облыс әкімінің алғыс хатымен мараптталды.

Мұнан соң 2 бірдей көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанды. Соның бірі Ләззат Нұрбақыт, өмірге 7 бала әкеліп, тәрбиелеп отырған батыр ана.

Ләззат НҰРБАҚЫТ, Көпбалалы ана:

-Менде алланың берген 7 баласы бар. Бүгін Президентіміздің жарлығымен алтын алқа иегері атандым, рахмет. Еліміз өсіп-өркендей берсе екен.

Ал, қала тұрғындары үшін "Бірлігіміз жарасқан" ұлттық мәдени орталықтарының фестивалі ұйымдастырылды. Этномәдени бірлестіктер өздерінің салт – дәстүрлері мен өнерлерін көрсетіп, көптің қошеметіне бөленді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар