МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕ

13:34, 8 қараша 2019

Қарағандылық суретші Людмила Смирнованың 70 жылдығы аталып өтілді.Мерейтойлық көрме де қылқалам шеберінің Қазақстан, Ресей және Орта Азия Еуропа елдеріне апарған туындылары ұсынылды

Людмила Смирнова Алматы көркемсурет училищесінің тас түлегі.Ол алғаш еңбек жолын қатардағы суретші ретінде бастаған.Ал қылқалам шеберін майлы бояумен жұмыс жасау бірден қызықтыра қоймағанын айтады. Әйтсе де суретшіге Орталық Азия мен Балтық жағалауы және Ресейге достарымен барған сапары ерекше серпін сыйлаған.

Людмила СМИРНОВА, суретші:

- Акварель үшін  ерік -жігер мен ішкі күш қажет.Менің ойымша майлы бояумен сурет салу сырт көзге оңай көрінуі мүмкін.Бірақ бұл жұмыс табандылықты талап етеді.Қылқаламның ұшындағы фантазиямен картина үндесуі шарт.Өз басым бастаған ісімді аяқсыз қалдырмайтын адаммын.

Талғамы ерекше суретшінің майлы бояумен салған туындылары арқылы Сарыарқа  даласының сансыз сыры  ашылды.Сонымен қатар Людмила Смирнова «Карлаг» тақырыбына да ұшқыр –қиялын қылқаламына арқау етті. 

Наталья ИВАНИНА, өнертанушы:

- Людмила Павловна – жүрегі нәзік лирик жан. Ол өте қарапайым кісі. Әрдайым суреттерінде сұлулықты бейнелеуге тырысады. Оның 70-ші жылдары плакаттарға салған қаланың көркін келістірген картиналары әлі есімде.

Людмила ЗОРИНКО, өнертанушы:

- Людмила Қарағандыдағы ең үздік қылқалам шеберінің бірі. Суретшінің еңбектері  Үндістан мен Ресей елдеріне етене таныс. Яғни әріптестерінен оң бағасын алып үлгерген.

Смирнованың туындылары бүгінде Қарағанды бейнелеу өнерінің ажырамас бөлігіне айналған.Ол көптеген жұмыстардың авторы.Ендеше мерейтой иесінің сырлы суреттері,көрерменді рухани әсерге бөлей беретіні  анық.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар