«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ

15:30, 16 мамыр 2019

Саран қаласының 65 жылдығына орай және жастар жылына арнап «Мерейлі отбасы» байқауы өтті. Байқау шарты бойынша қалалық кезеңнен сүрінбей өткендер облыстық сайыста бақтарын сынайтын болады

2013 жылдан бері «Мерейлі отбасы» сайысын өткізу Республика көлемінде дәстүрге айналған.  Саран қаласындағы  байқауда бес отбасы бақ сынасты.

Айзада БАЛАБЕКОВА, қатысушы:

-Бүгінгі сайысқа біз өте көп дайындалдық. Мен өзімнің жұмысым жайында және де отбасыма дайындайтын туралы көрсетемін. Отбасыммен бірге видео ролик дайындадық. Соны еөрсетеміз.

 «Отан – Отбасыдан басталады» деген  Елбасының қанатты сөзі бекерге айтылмаған. Рухани құндылықты келер ұрпаққа үлгі болсын -деген мақсатта жасап жатырмыз- дейді ,әділ қазылар алқысының төрайымы -Гүлжан Жүсіпбекова.

Гүлжан ЖҮСІПБЕКОВА, әділқазылар алқасының төрайымы:

-Бүгінгі мақсатымыз – осындай отбасыларды, ата -бабаларымыздан келе жатқан салт – дәстүрлерін қолдана отырып, отбасылардың босын қосып отырмыз.

Алтыншы мәрте өтіп отырған қалалық сайыста  Аскеевтер отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Оларға теледидар сиға тартылды.

Дархан Аскеев, жеңімпаз:

-Тағы да Бүкіл Қазақстанды, баршаларыңызды «мерейлі отбасы» күнімен құттықтаймын!. Бүгін қуанып тұрмын. Гран-при алдық Саран қаласының. Әлі де алда жеңістерге жетеміз деп ойлаймыз. Рахмет баршаңызға.

Бірінші орынды иеленген Гуреевтер отбасымен бірге екінші орынды алған Кәріпбаевтер отбасы Аскеевтер әулетімен қатар   облыстық кезеңге өтті. Енді олар дайындықтарын ұштайды.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар