МЕРЕЙЛІ КҮН

17:19, 4 желтоқсан 2018

Ал Ұлытау ауданында ҚР Тұңғыш Президент күні сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда 1991 жылдан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері мен мақалалары жинақталған. Сонымен қатар, мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Көрменің ұйымдастырушысы байқонырлық Марат Ашубаев. Ол  1991 жылдан бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтын суреттері мен мақалаларын баспасөз беттерінен жинақтай бастаған. Бүгінде суреттер данасы 8 мыннан асқан.  Бұл кәсіппен шұғылдану ойы Марат Ашубаевқа әскер қатарында қызмет етіп жүргенде келген екен. Ол кезде суреттерді мың данаға жеткізуді межелеген. Осының арқасында Елбасыдан арнайы алтын қол сағатын да сыйға алды.

Тәуелсіз Қазақстаннын дамуының басында ең бірінші тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тұратыны белгілі.  Ал қасиетті Ұлытау жерінің Президент үшін орны бөлек. Оны Елбасының Ұлытау баурайындағы сұхбатыннан аңғаруға болады.Сондықтан ұлт пен Ұлытау, Елбасы мен ел ұғымдары егіз екенін ұлытаулықтар жақсы біледі.

Облыстың  саяси қоғамдық өміріне белсене қатысып, жаңа қазақстандық қоғам құрудағы еселі еңбегі мен шығармашылық үлестері үшін Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен ауданнын экономика және қаржы бөлімінін мамандары  марапатталды. Сондай-ақ  аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаты бірқатар ұлытаулықтарға табысталды.

Салтанатты жиын барысында Қазақстан мысының балқымасына 90 жыл толу мерекесіне орай «Қазақмыс корпорациясы» басқарушысы кеңесінің естелік төсбелгісіне Шәбаз Смайылов ие болды. «Нұр отан» партиясына жанадан қабылданған аудан тұрғындарына да куәлік берілді. Бұдан бөлек, Қазақстан Респбуликасы ауыл шаруашылық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің қаулысымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Енбек данқы» төсбелгісі және Құрмет грамотасы бірқатар азаматтарға табыс етілді. Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...