«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ЧЕЛЕНДЖІ

12:31, 22 қазан 2020

Жас өнерпаздың тағы бір белесі. Қарағандылық әнші Ислам Кушенов ҚР Мәдениет және спорт министрінің марапатына ие болды. Жас өнер саңлағы ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджіне қатысқан болатын. Тағылымы мол шараға қатысқан жерлесімізге министр марапатын облыстық мәдениет басқармасы салтанатты түрде табыстады

Биыл қазақ вальсінің королі, аты аңызға айналған Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл. Осыған орай еліміздің мәдениет және спорт министрінің ұйымдастыруымен музыкалық челлендж өтті. Халықаралық  ауқымды қамтитын бұл шараны ән әлемінің ардагері Бибігүл Төлегенова бастап, танымал өнер жұлдыздары жалғастырды. Әуенді марафонға қарағандылық жас өнерпаздар үн қосты. Кеншілер мәдениет үйі жанынан құрылған Шабыт вокал үйірмесінің мүшесі Ислам Кушеновқа ұсыныс түскен екен.

Ислам КУШЕНОВ, жас әнші:

 -Осы челленджге байланысты маған звондап, ұсыныс түсіп, челленджге қосты. Мен ана туралы жыр айттым. 90 жылдық челленджіне ата-апаларымызбен ән айтқаныма өте қуаныштымын.

«Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджі тамыз айында бастау алып, қазан айында өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында ұлы композитордың қайталанбас туындылары жер-жерде шырқалып жатты. Сырт елдегі қандастарымыз да бұл эстафетадан қалыс қалмады. Ұлы өнерді ұлықтаған қатысушылар мәдениет және спорт министрінің алғысына бөленді. Жерлесіміз Ислам Кушенов та лайықты марапатқа ие болды.

Ерболат МАХАНБЕТ,  И.Кушеновтің жетекшісі:

-Қазақстанымыздың барлық жұлдыздары қатысқан челлендж. Бибігүл Төлегенова апамыз бастап, төменгі буын аяқтаған челлендж. Шәмші атамыздың жаңағы, барлық әндерін бір куплеттен айтып шығу. Әрі қарай жалғастыру, қайырмасын басқа әншілер. Бізге ата-анасы біліп, осы челленджді, Исламды қатыстырайық деп, сол арқылы қатыстық.

Бүгінде жас әнші түрлі байқауларға қатысып, аймақтың үкілеген үмітін ақтап келеді. Талантты әнші биік белестерді бағындыру мақсатында дайындығын да күшейткен.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
14:01, 23 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Толығырақ...