МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ

17:17, 5 наурыз 2019

Қаражалда «Мәңгілік елге жастармен бірге» қалалық форум өтті. Онда үздік жас мамандар марапатталды. Салтанатты шара Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында ұйымдастырылды

Бұл жас қыздар мен жігіттердің негізгі ұстанымы- кәсіпқойлық. Жас болғанына қарамастан олар үздік атануға лайық. «Қаражал» Мәдениет үйінде өткен жастар форумында 12 номинация өз иелерін тапты.

Жалғас АРТЫҚБАЕВ,  жастар ресурстық орталығы директорының м.а:

- Биылғы жыл Жастар жылы болғандықтан біз әлдеқайда жастар үшін  көбірек жұмыс істеуге тырысатын боламыз.

Аяулым Балғабаева «Жылдың жас ұстазы» номинациясын жеңіп алды. Ол Қаражал қаласының 1 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі. Жеңімпаз жастар  елдің әлеуетін көтеру үшін ауыл аймақтың көсегесін көгертуі қажет деп есептейді.

Аяулым БАЛҒАБАЕВА, «Жылдың жас ұстазы» номинациясының жеңімпазы:

-Мұғалім мамандығы әулетімде барлық, әжем мен атам бастаған кісілердің барлығы мұғалімдер. Мен өз оқушыларымды  өте жақсы көремін.

 «Мәңгілік елге жастармен бірге» жастар форумы екінші жыл қатарынан өтуде.  Айта кету керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жыл Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар