МӘМС АЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

13:15, 29 қараша 2019

Қарағанды облысында пилоттық режимде басталған МӘМС жобасы өз нәтижесін бере бастады. Бұл репродуктивті денсаулық сақтау аясында анық байқалады. Әріптестер жаңа жоба аясында ем-дом алған пациенттермен жүздескен болатын

МӘМС сақтандырылғандар үшін медициналық қызметтің сан алуан түрін тегін ұсынады. Шара аясында диагностикалық, консультативтік және ем-шара процедуралары бар. Емдеу шаралары гинекологиялық бағытта да жүргізіледі. Мысалға лапараскопия арқылы ота жасау бүгінде ең озық екенін байқатқан.

Жания БАЩЖАНОВА, «Гинекологиялық орталық» ЖШС бөлім меңгерушісі:

-Бізде отадан кейін адам ағзасы жедел қалыпқа келеді. Бірқатар күрделі дерттерге ота жасалады. Біздің емдеу шараларынан кейін әйелдердің адамдары жақсара бастауда.  Бұл әрине қуанарлық жағдай.

Жанерке Мажкеноваға да дереу арада операция жасау керек болған. Ол портал арқылы кезекке тұрады. Әлеуметтік сақтандыру аясында оған тегін ота жасалды. Бірер күнде емханадан шығып, үйіне барады деп жоспарланып отыр.

 Жанерке МАЖКЕНОВА, емделуші:

-Маған осы емханада портал бойынша ота жасалды тегін. Ота жақсы өтті. Дәрігерлер өте жақсы қарайды екен. Қазір қалыпқа келудемін. Қазір ем-дом қабылдаудамын.

Мұндай мүмкіндіктер бірінші кезекте МӘМС мен мемлекеттік –жеке меншік әріптестік аясында орындалып отыр. Осы бағдарлама аясында жақынарада нәрестеге зар болып отырған отбасылар ЭКО жүкітлікке кезекке тұра алатын болады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар