МЕМОРИАЛ ТАҚТА АШЫЛДЫ

14:40, 10 маусым 2019

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Өмірзақ Асылбековтың құрметіне өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Ол, небәрі 47 жыл өмір сүріп, сахна өнеріне үлкен еңбегі сіңген дара тұлғалардың бірі

Өнердің биік шыңын бағындырған, Өмірзақ Асылбековке арналған ескерткіш тақта, өзі 1970 жылдары тұрған  Лобода көшесі №10 үйге орнатылды. Бұл ескерткіште Өмірзақ Асылбеков  Ер Төстік батырдың рөлін сомдаған суреті бейнелеген. Ешкерткіш тақта ашылу сәтінде көзін көрген әріптестері, замандастары сөз алып Өмірзақ Асылбековтың ерекше қырларымен бөлісті.

Рымкеш СМАҒҰЛОВА, ардагер режиссер:

-Өмкең деген бір абзал азамат еді. Өте кішіпейіл, кісілігі де кішіпейілігіде мол адамгершілігі зор. Ең жоғарғы мәдениетті адам деуге болатын. Сыпайлылығы, сәнділігі, кербездігі жүріс-тұрысы сөйлеу мәнері әдемі қалжыңы болатын.

Рухани кеште Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген  Ө.Асылбековтың  жақындары мен достары , оның өмірлік жолын ерекше ықыласпен еске алды. Салтанатты шараға  қызы Лейла Өмірзаққызы  да арнайы келіп, көрсетілген құрметке алғысын білдірді.   

Лейла АСЫЛБЕКОВА, Ө.Асылбековтың қызы:

-Әкеміздің өмірден озғанына биыл 43 жыл болды. Рухын сақтап қалып, бүгінгі мемориал тақтаны ашу біз үшін өте маңызды.

Өмірзақ Асылбековтың жеке өміріне тоқталсақ,  ол 1957 жылдан бастап Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрына еңбек еткен. Қазақ театры тарихында өзіндік қолтаңбасымен ерекше айшықталып 100-ге жуық рөлдерді ойнаған. Ақан-Сері, Төлеген, Абай, Қозы-Көрпеш, Еңлік-Кебек сияқты көптеген танымал ұлттық қаһармандардың жарқын бейнесін сомдады. Қазақфильм киностудиясында бірнеше фильмдерге түскен киноактер, 1962 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі атағына ие болған.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

-Шын мәнінде де, ол кісінің сахнадағы әдемілілігі, пионинаның қасына келіп амандасқандағысы шын мәнінде де мәдениеті өте биік адам. Қарағанды театрына келгеннен бастап, басты рөлдердің бәрін орындады. Қыз Жібектегі –Төлеген , Ер Тарғынды ойнады.

Қысқа ғана ғұмырында өнер тараланы, киносаласымен театарды тоғыстырған облыстық телевидениедегі режиссерлік еңбегіде ерен. Шара соңында облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының мұражайына Өмірзақ Асылбековтің  портреттері қойылды.

Әйгерім ҚҰСАЙЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар