Мемлекеттік қызметкерлер қаншалықты төзімді?

Бүгін Саран қаласында облыстың қала, аудан әкімдіктерінің аппарат қызметкерлері арасында спартакиада жалауын көтерді. Мемлекеттік қызметкерлер волейбол мен баскетболдан және суға жүзуден жарысты

19:30, 17 наурыз 2017   604

Бір сәтте, кабинетте отырғаннан гөрі спортпен айналысып, шыныққанның пайдасы орасан. Мұны мемлекеттік қызметкерлер жақсы түсінеді. Бүгін салауатты өмір салтын ұстанатындарын дәлелдеді. Олар өздерін кәсіби спортшылар сияқты сезініп, сайысты әнұран мен патриоттық әндерден бастады.

Көбіне журналистер мұндай жағдайда костьюм-шалбарын спорттық киімге ауыстырды деп айтып жатады. Бұл, сөздің жаны бар екенін Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа айғақтағандай.

Ол бірер минут бұрын ашылу салтанатына қатысты, келушілерді қабылдады. Енді өз волейбол командасын жасақтап, нұралықтарға қарсы ойнауға қамданып жатыр.

Анатолий Шкарупа, Саран қаласының әкімі

Біздің әріптестер әр салада қызмет атқарады. Олар спорттың әр түрімен айналысады. Бірі шахмат ойнаса, ендібіреулері теннис ойнағанды ұнатады. Өзімізді керемет спортшымыз деп санамаймын. Біз ешкім үшін емес, өзіміз үшін спортпен айналысамыз.

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Бағдарламасы ауқымды. Онда спорттың волейбол, баскетбол, жүзу тағы басқа түрлері бар. Бұл тізім қатысушыларға таңсық емес.

Қатысушылар арасында жалындаған жастар мен мол тәжірибесімен құрметке бөленгендер де бар. Ешкімге жеңілдік жасалмайды. Алда, жалпыкомандалық есептің қандай болатыны маңызды. Бұл  аудан-қала абыройын асқақтататыны анық. Мемлекеттік қызметкерлер бұл әуесқой спорт болса да бастысы, мықты дайындық жеңіс кепілі дейді.

Сейітқали ӘШІМ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25