Мемлекеттік қызмет көрсетуде тамыр-таныс немесе жемқорлық әрекеттері арқылы жүзеге асыру азаяр емес

Өткен жылы жүргізілген тексеріс барысында делдалдық әрекетті табыс көзіне айналдырмақ болған 20-ға жуық оқиға тіркелген. Биыл бұған мүлдем тосқауыл қоямыз -, деп отыр құқық қорғау органдарының мамандары

18:38, 17 ақпан 2017   121

ХҚКО жетекшілерінің айтуынша,  мемлекеттік қызметке кірісуді таныстық арқылы іске асыру - сыбайластық қарым-қатынастың бір түрі. Жемқорлықты жоюды Елбасы басты назарға алып отыр. Бұл міндетті толықтай орындау мақсатында ақпараттық қоғамдық талдау жасау мен қызмет алушылардың жолдаған өтініштері арқылы жұмыс істеу тиімді. Ал, мәселені тез арада шешіп беру арқылы пайда тапқандар заңнан аттап кете алмайды дейді жергілікті полиция қызметі.

Олжас АРЫНОВ, облыстық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары

Өткен жылы мемлекеттік қызметті ширатып, жедел шешіп беру ұсынысымен айналысып жүрген 19 азамат қолға түсті. Оның 4-еуін әкімшілік жазаға тартып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төленді. оның ішінде мемлекеттік қызметті кезексіз шешіп беру қызметін ұсынғандарда бар. Барлық ХҚКО бақылауға алынып,40 минут сайын аумақтар тексеріліп тұрады.

Аталған мәселені болдырмау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті арнайы «Ашық есік күні» шарасын өткізіп, бірқатар мәліметтер ортаға салынды.  Мемлекеттік қызмет көрсету барысында аталмыш ұйымдар мен мекемелерде Заңды елемейтін мамандармен жұмыс жүргізуде  қатаң талап орнаған. Бірнеше басқарма саласында атқарылатын істердің нәтижесі сарапқа салынды.

Алдағы уақытта мемлекетттік органдарда құжат рәсімдеуде қандайда бір делдалдық әрекетті көрсеңіз немесе мамандар ақша талап етсе, ойланбастан құқық қорғау органдарына хабарласуыңызға болады. Елбасымыз айтқандай, жемқорлықққа жол бергендер қатаң жазаға тартылады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25