МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ

15:34, 8 ақпан 2019

ҚарағандыдағыОктябрь ауданының Сұрыптау кентіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында кезекті мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.Оған 14 мемлекеттік мекеме мен ұйымдардың мамандары қатысып,тұрғындарға ақыл-кеңестерін берді.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу жылдағы қалыптасқан дәстүрге айналды.Бұл жолғы көрсетілген қызмет түрі де сан алуан.Электрондық сандық жүйеде қолтаңба алу,үй кезегіне тұру, мекенжай анықтамасы мен салық жүйесі, ветеринарлық қызмет және жерді рәсімдеу сияқты мәселелерге қатысты тұрғындарға мағлұмат беріліп,тіпті кейбірінің құжаттары тез арада ретке келтірілді.Бұл шара  Қазақстанның  электронды үкіметке көшуіне байланысты жасалып жатқан нақты қадамының бір парасы, дейді, жауаптылар.Жәрмеңке барысында мемлекеттік қызметті үйде отырып-ақ,онлайн жүйесі арқылыалуға болатындығы түсіндірілді.

Бақтияр НҰРМАҒАМБЕТОВ,  Қарағанды қалалық тұрғын-үй қатынастары бөлімінің бас маманы: 

-Келушілерді үй кезегіне тұру мәселесі толғандырады.Соған байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл халық үшін өте қажет.

Ардақты ана Мейраш Мәкімова 8 бала тәрбиелеп өсірген. 40 жылға жуық ұстаздық еткен зейнеткер мемлекеттік қызметкерлер жәрмеңкесіне алғашқы рет келген  көрінеді

Мейраш МӘКІМОВА, Сұрыптау кентінің тұрғыны:

-Кадастрлік және мекен жай анықтамаларын алуға келдім.Жедел түрде мағұлмат алып, сол бойынша тиісті қызмет көрсетілді.Мамандарға көп рахмет.

Мемлекеттік мекемелердің жетекші және бас мамандары кеңес алуға келген 200-ге жуық тұрғынды қабылдады. Шара барысында ақпарттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мемлекеттік қызметкерлер жәрмеңкесін Қарағанды қаласының әкімдігі ұйымдастырған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...