МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖЕМІСІ

13:22, 5 қыркүйек 2019

Жезқазған қаласындабүгінде 5 мыңнан аса шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді. Облыстың моноқалалары арасында мысты өңір Теміртаудан кейінгі екінші орында тұр.Бизнес өкілдеріне кәсіпкерлікті дамытуда «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай қолдау бағдарламасы айтарлықтай серпін беруде

Жеке кәсіпкер Мархаба Телманқызы 3 жыл бұрын кәсібін шағын дүңгіршекте азғантай гүл сатумен бастайды. Кейін бұл салаға еркін бойлап, зерттей бастайды. Қазір ерен еңбектің арқасында  бизнесі қанатын кеңге жайып, ауқымын кеңейтті.

Бұл игілікті бастамалар мемлекет тарапынан бизнес өкілдеріне бөлініп жатқан  көмектің жемісі. Қазір дүкенде 10 түрлі экзотикалық гүлдер сатылады. Қосымша үй гүлдерінің 30 түрі бар. Гүлдер алыстан әкелінетіндіктен оларға ерекше күтім қажет. Сән орталығының қызметкерлері сатып алушыларға мейлінше кеңес беруге әзір. Әр аптаның екі күнінде жаңа түсімдер болып тұрады. Сондай-ақ, сирек кездесетін гүлдерге тапсырыстар қабылданып, екі аптаның көлемінде жеткізіледі. 

Мархаба ТЕЛЬМАНҚЫЗЫ, кәсіпкер:

-Кесілген гүлдермен жұмыс жасадық. Оған әртүрлі эгзотикалық гүлдер жатады. Оларды баптап әртүрлі қағазға орау, оның бәрін оқып үйрендік. Жылдан жылға бұл бизнесті дөңгелете бастадық. Мемлкеттік Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы арқылы несие алып енді одан әрі ауқымын кеңейтіп отырмыз. Мен бастысы гүлді баптағанда демеламын. Одан ешқандай жалықпаймын.

Сән орталығында бұдан бөлек шәш, тырнақ сәндейтін, тойға мерекелік кештерге бетті әрлейтін мамандарда жұмыс жасайды. Кәсіпкер осы иглігікті іс арқылы 20 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Бүгінде бұл орталыққа жас та жасамыста келуіге асық.

Жангүл ҚАЙРАТҚЫЗЫ, маман:

-Сән бөлімі ашылысымен біз әпкем екеуміз Америкаға барып мастер класстан өттік. Себебі ол жақта сапалы косметикалар және өте жоғары деңгейде біліктілікті арттыруға болады. Кейін осында келіп, басқа мамандарды үйреттіп, сол әдіс тәсілдермен жұмыс істейміз. Тұтынушылардың көңілінен шығып жатыр. 

Кәсіпкер келешекте бизнесін берекесін бұдан да биікке көтергісі келеді. Көршілес қалалары мен аудан ауылдарға гүл сататын дүкен филиалдарын ашуды көздеп отыр. Несібесін маңдай термен табатын нәзік жан бұған мемлекет қолдау көрсетіп барлық мүмкіндікті жасап отыр,-дейді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар