МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

18:17, 11 шілде 2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақ халқы мен облыс әкіміне шексіз алғысын білдіріп, ақжарма тілегін жолдады. Естеріңізге салайық еңселі елорданың мерейтойына тарту ретінде қарағандылықтар «Ұлытау» аллеясы мен «Қазақ еліне мың алғыс» монументін сыйға тартқан болатын.Бүгінде гүлзар мен бірегей белгі әлем назарын аударған Астананың ажарын ашып, көпшілікке айрықша әсер сыйлауда.

Құрметті ЕрланЖақанұлы!

Сізді және бүкіл Қарағанды облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қарағанды облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Еліміз үшін «Қазақ еліне мың алғыс» монументінің тарихи маңызы зор.

Бұл монумент біздің елге күштеп көшірілген халықтардың қасіретті өмірінен сыр шертіп, қазақтардың дархандығы мен адамгершілігін, көпұлтты қоғамымыздың достығы мен бірлігін бейнелейді.

Елорданың Ботаникалық бағындағы қарағандылықтар салған «Ұлытау» аллеясы қаланың сәнін келтіріп, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналатын болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Н. Назарбаев

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...