МЕКТЕП ЖАҢАРТЫЛУДА

16:29, 10 шілде 2020

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Шахтинск қаласының №7-ші жалпы білім беретін мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Білім ордасының қасбеті мен екі спорт залы толықтай жаңартылмақ

Бұл мектептің бірден екі спортзалы жөнделеді. Оның едені мен қабырғалары және жылу құбырлары жаңартылады. Сонымен қатар, оған жарық шамдарын орнатады.

Оксана ПАУЛЬ, мектеп директоры:

- Бұның едені әбден ескірген. Мектеп салынғаннан бері жатыр. Қабырғаларын өзіміз бояп келеміз. Осындай көлемдегі жөндеу жұмыстары бірінші рет жасалуда.

Құрылыс аумағында 20 жұмыскер бар. Оның тең жартысы жергілікті жұмыспен қамту орталықтары арқылы келген. Жұмыс өткен сәуір айында басталуы керек еді. Бірақ, елдегі коронавирусқа байланысты енгізілген карантин жоспарды бұзған. Мердігерлер өз қызметіне тек 25 мамырда бастап  кірісіп отыр.

Нұрболат МЫРЗАБЕКОВ, құрылыс компаниясының өкілі:

- Жұмыстың жетпіс пайызы атқарылды. Бояп біттік. Сыртын темір қаптамамен қаптап жатырмыз. Уақыт жеткілікті. Жұмыскерлер тынбай жұмыс істеуде.

Оқушылар жаңа оқу жылын жаңарған мектепте бастайды. Құрылысшылар бұл оларға үлкен тосын сый болады -дейді. Осы жылы білім ордасы өзінің отыз жылдық мерей тойын атап өткен екен.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар