МЕЙРАМХАНАЛАР ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

12:54, 21 мамыр 2020

Қарағанды қаласындағы мейрамхана қожайындары қала билігі мен санитарлық дәрігерлерге үндеу жолдады.Олар қай кезде ашылып, жұмыстарын қалай бастайтыны жөнінде білмек болған. Карантинге байланысты жұмыс істемеу салдарынан қала кафелері мен мейрамханалары біраз шығынға батқан

Давид Каримов – салтанатты шаралардың жүргізушісі.Ол, Қарағандыдағы мейрамхана қожайындары тарапынан арнайы үндеу жолдауды - жөн деп тапқан.Оның өзіндік себебі бар.

Давид КАРИМОВ, салтанатты шаралардың жүргізушісі:

- Бізде мейрамханалардың қай кезде ашылып жұмыс істей бастайтыны жөнінде ақпарат жоқ. Банкет залдары жабылғалы бері қаншама адамдар жұмыссыз қалып, қиындыққа кездесіп отыр. Олардың көбіне, екінші рет әлеуметтік төлемдер төленген жоқ. Мейрамханалардың да, ашылатын уақыты жеткен  сияқты. Бірақ, банкет залдары сұранысқа сай тамақ тасымалдау қабілетіне қол жеткізе алмай отыр.

Мейрамханалардағы салтанатты шаралардың жүргізушісі  Давид Каримовтың айтуына қарағанда , бұл зал иелері өз ғимараттарын сақтап қалуы тиіс екен.Қаржы тапшылығы салдарынан салықтар мен коммуналдық төлемдер төлеу оларға қиынға соққан. Сонымен қатар, мейрамхана қызметкерлері ғана емес, әншілер мен бишілер, бейне-операторлар  және әуесқой суретке түсірушілер де, жұмыссыз отырған көрінеді.  

Давид КАРИМОВ, салтанатты шаралардың жүргізушісі:

-Біз тапсырыс берушілерге толық ақпарат бере алмай отырмыз. Қашан ашылып, жұмыс істейтініміз әлі күнге белгісіз.Банкет залдары қожайындары тарапынан қала билігіне өтініш айтып,осыны нақтылауды сұраймын.Қашан және қай уақытта жұмысты бастауға болатынын біле алмаудамыз.

Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың айтуынша,әзірге мейрамханаларды ашу жөнінде мәселе күн тәртібінде көтерілмеген.

Канат АСҚАРОВ, облыстың бас санитарлық дәрігері:

-Бүгінгі күнге ресторандар мен кафелердің жұмысын бәсенсіту жөнінде мәселе қойылған жоқ.Өздеріңіз білесіздер бала-бақшаларының жұмысын қалыпқа келтіру жөнінде мәселе көтерілуде.Бұл мәселе де, кейінге шегерілді.1ші маусымға дейін. Жұмыс жоспарына еңгізілді.Қазір, мамандарды қайта дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар