МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ БАСТАЛДЫ

13:22, 9 тамыз 2019

Бірінші қыркүйектен бастап Қарағанды облысында пилоттық жүйе жүзеге асатын болады. Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне әр тұрғын кіреді. Бұл өз кезегінде жұртшылықтың медициналық қызметті тегін алуын қамтамасыз етеді. Сонымен, келесі айдан бастап қандай санаттағы адамдар мемлекеттің қолдауында ие болады және медициналық сақтандыру қорына жұмыс беруші мен жұмыскер еңбекақасының қанша пайызын төлеуі керек?

2017 жылдан бастап елімізде медициналық сақтандыру қоры ашылған болатын. Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру плиоттық жүйесі Қарағанды облысында республика бойынша бірінші болып енгізіледі. Себебі, медицина саласындағы цифрландыру жүйесіне біздің 100 пайыз өткен дейді мамандар.

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ, Денсалық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-Бүгінгі таңда Қарағанды облысы цифрландыруға толық дайын. 2014 жылдан бастап біз бұл жұмысты қолға алдық. Ақпараттық жүйе қағаздық жұмыстан арылуға мүмікдік берді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 15 санаттағы тұрғындарға тегін медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Оның ішіне балалар, көп балалы аналар, мүгедек жандар, зейнеткерлар, аз қамтылған отбасы секілді тағы да санаттағылар жатады. Бұларға мемлекет өзі қолдау көрсетіп, тегін қызметтерді алуға кепілдік береді

Алтынай РЫСҚАЛИЕВА, Теміртау қаласындағы №4 емхананың директоры:

-Жаңағы 15 санаттағы адамдарға үкімет төлейді. Сол санатқа кіреді ме екенін тексеріп шығу керек. Мүгедек болса, зейнеткер болса, көп балалы ана болса және жұмыссыз болса соларға үкімет төлейді.

Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған жандар мамандандырылған және технологиялық медициналық көмек ала алады. Оның ішіне  профилактика, диагностика, арнайы және күрделі техниканы талап ететін науқастарды емдеу кіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, ультрадыбыстық зерттеу, тамография секілді қызметтер тегін көрсетілетін болады. Оның есесіне тұрғындар бірінші қыркүйекке дейін бекітемін  емханаларынан статустарын белгілеулері қажет.

Алтынай РЫСҚАЛИЕВА, Теміртау қаласындағы №4 емхананың директоры:

-Әркім өзі қай емханаға тіркеледі екен соны белгілеу керек. Тұратын жеріне байланысты емхаанаға барып тексеру қажет. Ал, ешқандай санатқа жатапайтын болса, онда жұмыспен қамтамасыз ету орталығына бару керек.

Аталған жүйені насихатау барысында Теміртау қаласындағы  тұңғыш президенттің мұражайында халыққа насихатау жұмысы жүргізілді. Халықтық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты өз айтар ойлары бар.

Жүйеде сақтандырылмаған тұрғындар мемлекеттің кепілдік көмегіне  жүгіне алады. Яғни, жедел – жәрдем және санитарлық авиация, профилактикалық вакцинация, әлеуметтік маңызды ауруларға көмек көрсетеді. Сондықтан, облыстық денсаулық сақтау басқармасы әр тұрғынды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ену үшін, тұрғылықты емханаға бару керек.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар