МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

17:42, 13 маусым 2018

Алдағы жексенбі - медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күн қарсаңында облысымыздың денсаулық сақтау саласындағы үздіктерге алғыс хат, төс белгілер мен Қазақстанның Денсаулық сақтау Министрлігі мен салалық кәсіподақ атынан құрмет грамоталар табыс етілді

Ән, күй, құрмет, алғыс та бүгін ақ желеңді абзал жандарға арналды. Дәстүрге сай медицина саласының үздіктері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды. Олардың арасында дәрігерлер мен емхана жетекшілері бар.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

 - Бұл – риясыз махаббат пен мейірімге, шынайы құрмет пен шексіз алғысқа толы мереке. Адам денсаулығы қай уақытта да ең басты құндылық болып есептеледі. Ақ халатты абзал жандар қай кезеңде де ерекше құрметке ие болған. Сол себепті біздің елімізде Медицина қызметкерлері күні нағыз халықтық мереке ретінде аталуда.

Бүгін нағыз өз ісінің шеберлері ұлықталды.  Олар  денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп қана қоймай,  халықтың жылы ықыласына бөленген мейірімді жандар.  

Александра МАДИЯРОВА, облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

-Дәрігер болғаннан кейін әлеуметтік жағдай дұрыс болуы керек, кәсіподақ ретінде соны ойлаймын.

Зарема Тұтқышбаева облыстық клиникалық аурухананың эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі. Дәрігер 24 жылдан бері антына адалдық танытып, талай жанның дертіне дауа табуда. Айтуынша, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының дамуына бар жағдай жасалып келеді. Өзі жұмыс істейтін медициналық мекеме соның айқын дәлелі.

 Зарема ТҰТҚЫШБАЕВА, ОКА эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі:

-Дәрігерлердің жұмысы жеңілдеп келеді. Яғни, қағазбастылықтан ақырындап арылып келеміз, қазір аурулардың тарихын электронды күйде жүргіземіз. Денсаулық паспорты да электронды форматта. Жалпы айтқанда өте көп жұмыс жасалды.

Денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамотасын алғандардың бірі- Видадий Джамаледдинов. Ол 20 жылдан астам Мақажанов атындағы облыстық травмотология және ортопедия орталығында қызмет атқарады. 

Салтанатты шара барысында медицина саласының 100-ге жуық қызметкерлері марапатқа ие болды. Олардың барлығы төс белгі, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
16:20, 20 маусым 2018
«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...