МЕДИАТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРДІ

16:56, 10 шілде 2019

Теміртау жастары -«Медиатехнология мектебі» жобасына қатысты. Оқушылар шамамен 1 ай көлемінде журналистика мен блогер болудың қыр-сырын меңгерген. Бүгін атқарылған жұмыстарды қортындылау мақсатында видеожобаларын қорғап, әр тақырыпқа мақала жазды

«Медиатехнология мектебі» жобасы - Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған еді. Мақсат - балаларға тілшіліктің тетіктерін  тереңнен көрсету. Жоба аясында бірқатар танымал медиа мамандарда арнайы келген. Жастарға қазіргі медианың қыр-сыры айтылды.

Евгения СКВОРЦОВА, тәлімгер-жаттықтырушы:

-Дәл осы жобада біз кез-келген құбылысқа өз қөзқарасымызды қалай анық әрі дұрыс жеткізуге болатынын үйрендік. Кей тақырыптар мені тіпті таң-тамаша етті. Онда өскелең ұрпақтың қазіргі қоғамға бейімділігі, экологиялық ахуал сынды өзекті тақырыптар да болды.

Медиатехнология мектебіне 13 жастан жоғары 30 бала келген. 14 жастағы Әлібек Ескермесов «Салауатты өмір салты» тақырыбы туралы видеожобасын қорғады. Оның пікірінше осындай жобалар жеткіншектерді шешендікке баулып, өмір жолына қажетті білім береді.

Әлібек ЕСКЕРМЕСОВ, жобаға қатысушы:

-Да көп қозғалмай жұмыс істейді. Сондықтан біз осы тақырыпты таңдап алдық. Себебі көп қозғалмағанның салдары қандай дертке душар ететінін көрсеткіміз келеді.

Ең белсенді қатысушылар - Сертификат иегері атанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар балаларға өз ойын дұрыс жеткізуге ғана емес, сонымен қатар мамандық таңдауына да мол мүмкіндік береді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар