МЕДИАЦИЯ – ТИІМДІ МӘМІЛЕ

17:51, 16 мамыр 2018

Қарағанды облысында даулы мәселелерді үшінші жақтың араласуымен бейбіт шешу жолы - медиациялық қызметті пайдаланушылар саны едәуір арта түскен

Кәсіби медиаторлар өздерінің жұмыс жүргізу тәсілдерімен  бөлісті. «Медиация – қоғамды қалыптастырудың тиімді институты» тақырыбында арнайы оқу курстарын да ұйымдастырған.

Медиация институтының дамуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосуда. Оның құрамында тіпті арнайы кеңес құрылған. Әрине, медиацияның көмегімен бірқатар әлеуметтік даулы мәселелерді шешуге болады. Әлемнің 30 озық елінде осы тәжірибе қолданылады. Қазақстандағы бұл құрылым  даму үстінде. Дегенмен, көптеген азаматтар осы  медиация мамандарының көмегіне жүгінеді екен.

Татьяна АБРАМОВА,  медиатор  

Бұл жаңұялық және оқушылар медиациясы. Азаматтық-құқықтық  қатынастар барысындағы туындаған мәселелерді сотқа дейін шешуге болады. Мәселен неке мәселесі және мүлікті  бөлу проблемалары. Баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтауда да қарастырылады. Отбасылық жағдайдағы сұрақтар сот отырысы барысында көп уақыт алады.

Облыс орталығына 70-ке жуық медиатор келіп, өз біліктіліктерін арттырумен қоса, дауларды шешудегі тәжірибелерімен бөлісті. Олар теориядағы бағдарламалық тәжірибелерін мысалдар арқылы түсіндірді. Мамандар тараптардың даулы мәселелерін оңтайлы шешу жолдарын айтты.

Ертай ЖӘНІБЕК, медиатор (Шет ауданы)

Әкімдіктегілер зейнеткерлікке шыққан соң медиатор болуға кеңес береді. Не істеу керектігін айтып түсіндірді. Арнайы қосымша сабақтар өткізді. Енді даулы мәселелерді сотқа дейін шешетін боламыз. Бұл екіжақты татуластырады.Өкінішке қарай, медиация жайлы көбі біле бермейді.

Медиция жұмысы психология, әлеуметтану ғылымдары негізінде құрылған. Олар даулы мәселерді шешудің механизмдері мен ережелерін ұсынады.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар