МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

16:31, 21 мамыр 2020

Бүгін - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Осыған орай аймағымыздың өнер майталмандары еңбегімен ерекшеленді. Мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлері облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды

Мәдениет саласы мамандарының кәсіби мерекесіне орай  дәстүрлі облыстық байқау биылда жалғасын тапты. Бірақ  каранитинге байланысты салтанатты рәсімді дүркіретіп өткізуге осы жылы тиым салынды. Осыған байланысты   аталмыш сала қызметкерлеріне  облыс  әкімі Жеңіс Қасымбек ресми құттықтауын жолдады. Өнер тарландарының  бәсі жоғары бәсекесінде конкурстық комиссия 21 номинация бойынша үздіктерді анықтады.Ал «Жыл әртісі» аталымы К.Станиславский атындағы орыс драма театрының әртісі Павел Кондратьев пен С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актрисасы Қымбат Жарымбаеваға табысталды.«Жылдың театр режиссері» - сыйлығын Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының режиссері Мируана Жанботаева еншіледі.Сонымен қатар «Жылдың эстрада жанрының вокалисі» – Егіндібұлақ ауылының мәдени-демалыс орталығының эстрадалық орындаушысы Мейірлан Қалиевке бұйырды.Жалпы жүзден жүйрік шыққан барлық жеңімпаздарға естелік мүсіншелермен ақшалай сыйақылар тарту етілді.Айта кетейік төтенше жағдай кезінде күллі  мәдениет ұйымдары қашықтан қызу жұмыс істеді. Қысылтаяң кезеңде әншілер мен музыканттар онлайн-концерттер ұйымдастырып, көрермендердің  көңілін көтере түсті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар