МАЗАСЫ ҚАШҚАН ТҰРҒЫНДАР

17:12, 16 тамыз 2019

Қала тұрғындарының түнгі тыныштығын ұрлаған жеке кәсіпкерге шағым түсті. Мотоцикл дауысынан бөлек, музыканың жаңғырығы таң атқанға дейін ойнайды екен. Ол аздай, от шашуы тағы бар. Әбден мазалары кеткен тұрғындар полицияға да хабарласқан. Енді олар біздің арнамыздан көмек сұрауда

Қала тұрғындарының түңгі ұйқысын ұрлаған кафе жолдың бойында орналасқан. Айтуларынша, музыканың дауысы үйге дейін естіледі. 2004 жылы салынған кафенің иесіне бірнеше рет полиция да келген. Алайда, олар тек айыппұлмен ғана шектеліп отыр дейді жұртшылық.

Елена КУЛИКОВА, тұрғын:

- Әбден мазамызды алды. Музыкасының даусы өз алдында. Түнде төбелестер де болады. Бірнеше рет полицияны да шақырып, шағым жаздық. Бірақ оның бәрі бос әуре. Бір екі күн тынышталып, одан кейін қайтадан сол әлекке басады.

Тұрғындар өткен демалыста ғана мотоцикл жүргізушілерінің төбелесін де ерінбей, ұялы телефондарына түсіріп алған. Қас қарайысымен, бұл жерде екі  дөңгелекті тұлпарларының тізгінін ұстаған мотожүргізушілері жарысуды бастайды. Тұрғындардың сөздерінше, оған кафеден шыққан әуен қосылады екен.

Олег КУЛИКОВ, тұрғын:

- Мына  арада біз не көрмейміз десеңізші?. Түніміз ұйқымен емес, осыларды қызықтаумен өтеді. Түнгі тыныштығымызды ұралаған да осылар. Таңғы беске дейін музыка, арты от шашумен ұласады. Полицияға айтсаң, 25 000 мың ауыппұл төлеп құтылады. Амал қалмаған соң сіздерге шықтық.

Мән –жайды біліп,  жеке меншік орынның басшысымен сөйлесуге біз де бас сұқтық. Алайда, өзін есепшімін деп таныстырған қызметкер таңға дейін ешқандай әуеннің болмайтынын айтып ақталды. Артынша, «жұмыс уақыты бітті» деп демалу орнының есігін  жауып тастады.

Тұрғындардың кейінгі үш шағымы қазір учаскелік полиция қызметкерінде екен. Аталған, өтінішке байланысты Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметкерлері біздің арнаға сұхбат берді.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, Қарағанды облыстың ІІД баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушысы:

-Аталған факты бойынша арыз-шағымдар тіркелу журналына тіркеліп, учаскілік полиция инспекторымен көңіл көтеретін орындарының әкімшілігіне, тыныштықты бұзу бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл көңіл көтеретін орынына екі адамнан шағым түсті. Әкімшілігіне бес айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

ҚР кодексінің 437 бабында түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін тұрғындардың тынышытын бұзған кіші және орта кәсіп иелері 10 айлық есеп көрсеткіш бойынша айыппұл төлеумен жазаланады делінген. Алайда, жеке кәсіпкер айыппұл төлеуді аз көрсе, тұрғындар әкімшілікке шағым жазбақ.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар