МАЗАНЫ АЛҒАН МАСАЛАР

15:57, 21 мамыр 2020

Қарағанды қаласында масалар күрт көбейді. ТЖ режимінің салдарынан кейінге шегерілген улау жұмыстары бүгін басталды. Бұл үшін қанша қаражат қарастырылған және келер күндерге құрылған жоспар қандай?

Қазыбек би аудандық әкімшілігі масаларды улау жұмыстарын жүргізетін мердігерлерді табу үшін конкурс жариялаған. Оны Талдықорғандық жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұтып алған. Бірақ...

Ербол НУКИЧ, Қазыбек би аудандық жоспарлау және абанттандыру бөлімінің жетекшісі:

- Карантинге байланысты Талдықорғандық мамандар келе алмады. Соның салдарынан улау жұмыстары тұралап қалды. Бұл мәселені шешу үшін Талдықорғандықтармен жасалған келісімді бұзып, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті Қарағандыдан таптық.

Масалармен күреске жергілікті бюджеттен 6 млн теңге бөлінген. Аталған сомма 5 су қоймасын залалсыздандыруға жұмсалады. Атап өтейік, бесеудің екеуі Федоровка су қоймасы.

Ерік НАРЫН, тілші:

Залалсыздандыруға арналған қоспалар қосқанаттылардың ұя салуы ықтимал дейтін қуыстарға шашылады. Арнайы дәрі-дәрмектің сапасы жоғары - дейді мердігерлік компанияның басшысы Александр Камышный

Александр КАМЫШНЫЙ, мердігерлік компанияның басшысы:

- Біз су қоймаларын «бактецит» атты препаратпен улаймыз. Ол Қазақстан мен Ресей аумағында толықтай сынақтан өткен. Адамдар мен жануарларға ешқандай да зияны тимейді. Тек масаларды жояды.

Өзіне ыңғайлы қоршаған ортада масалар шамамен 7 күн өмір сүреді.  Жел қай бағытқа соқса, масалар да сол жақты бетке алады.  Су қоймаларына жақын орналасқан елді-мекендер желмен келген масалардың зардабын тартып отыр. Бүгінгі жасалған жұмыстардың нәтижесін береді дейді мамандар.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар