МАЗА ҚАШЫРҒАН МӘСЕЛЕ

17:10, 10 қыркүйек 2019

Бес мыңнан астам түтіні бар, Жаңаарқа ауданының орталығында жарық көзі жиі сөнеді. Сегіз жылдан бері жалғасып келе жатқан мәселені әкімшілік түгілі, жарық беруші компанияның өзі де реттей алмай отыр. Төзімі таусылған тұрғындар біздің арнаға шағым түсіріп, проблеманы жайып салды

34 мыңнан аса  тұрғыны бар Жаңаарқа ауданы жарық көзіне жарымай отыр. Мәселе кеше ғана туындамаған. 8 жылдан бері үндемей келген тұрғындардың шыдамы таусылған. Қартай шағында өмірінің зейнетін көруді армандаған Шәріп Оспанов жарыққа жауапты екі ұйымның табалдырығын тоздырған. Бірақ, еш нәтиже жоқ айтуынша.

Шәріп ОСПАНОВ, Жаңаарқа ауданының тұрғыны:

- Сырттағы электр қуатына жауап беретін ТОО «Сәкен и К» мен үйімнің ішіне жауап беремін. Ал, сырттағыны жеткізетін «Сәкен и К» столбты да, сымды да айырбастамайтын сол. Енді оған «Қазэнергоорталық»  келеді де бізден ақшаны толық жинап алады. Ал, енді жарық бар ма жоқпа олардың шаруасы жоқ.

Расымен, жарықтың сөнуі халыққа қолайсыздық тудыратыны анық. Әлбетте, халыққа қызмет көрсету орталығы басшысы тек өз қара қамын ойлайтындай ниет танытты.

Жарық жиі болмағанда мұнда тиісті құжатты алудың өзі бір ғанибет. Себебі, қосымша қуат көзін  енгізу мүлдем қарастырылмаған. Ал, ауруханада керісінші бар. Бірақ 4 кВаттық қана. Әлбетте барлық нысанды қамтуға күші жетпейді.

Әнел БИМЕНДИНА,  жергілікті тұрғын:

- Енді дәрі алам десем ол жоқ. Сосын әлгі кардиограммаға түсіп едім, соны шығартқызып алайын десем жарық жоқ. Қашан болатынын білмейді. Осындай болады ма? Осындай көпшілік жерде, ауруханада свет сөніп қалу деген қалай болғаны бұл?

Оразгүл ӘКІБАЕВА,  аудандық аурухана директорының орынбасары:

- Генираторымыз бар үстінде крышада тұрады. Ол жаңағы операционный блок, ота болған жағдайда, ауыр халдегі адамдарға, ота жасау бөліміне бөлінеді. Одан шығатын блок қабылдау бөліміне қосылады.

Бас дәрігер орынбасарының сөзін тексеруге қабылдау бөліміне бас сұқтық. Алайда, айтылған сөздер шындыққа жанаспады.

Жарықтың сапалы берілуіне жауапты компаниялардың да өкілдерін іздеп таптық. Жарықты тұтынушыларға сататын «Қазэнергоорталық» өкілі жарық жүйесінің тоғына жеткенін айтып ақталса, екінші компания  өкіметтен көмек сұрап отыр.

Дәулет АМАНҚҰЛОВ, «Қазэнергоорталығының» аға менеджері:

- Жарықтың жиі саөнуі -  материалдардың  тозығы жеткен. Оған жауапты энергия беруші «Сәкен и компания» деген. Сол кісілердің балансында. Енді олардың жағдайы қиын болып тұр. 10 айдай жалақы алған жоқ. Жұмыскерлері жоқ. Шықпайды.

Темірбек САҒЫНДЫҚҰЛЫ, «Сәкен и Компания» ЖШС бас инжинері:

- Тариф екі теңге. Жұмыс істей алмайды. Оған акимат жағы көмектесуі керек. Жоғары жақтан өкімет көмек көрсетуі керек. Энергияны қолға алу керек. Дұрыстап істеу керек. Адам жұмыс істейді, егер матриал берсе. Бізде бензин алатын ақша жоқ, дым жоқ.

Атқарушы ұйым өкілі , жарық жүйелерін өз меншігіне  алу үшін, бірнеше рет «Сәкен и компанияны» сотқа берген. Өкінішке, орай сот үкімі билікке емес, жеке меншік жаққа шешілген.

Бақытжан МҰҚАНОВ, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары:

-Аталған желілерді меншікке алуға жөнінде сотқа жүгініп жатырмыз. Себебі аталған мекеме желілерде жұмыстарын жүргізбейді. Жабдық жоқ. Сондықтан да біз сотқа жүгініп жатырмыз.

Жарықтың жиі сөнуі - басты мәселе болса, ал екіншісі,  тұрғындардың электроқұрылғылары қуаттылықтың мөлшерден тыс берілгенінен, істен шығып кететіне де жиі байқалады. Ең сорақысы, қуаттылықты өлшейтін арнайы құрал жоқ. Сондықтан, тұрғындар жанған заттарын өндіріп ала алмайды екен. Ол аздай, қуаттылықтың шектен тыс берілуінен сымдардан ақау шығып, баспаналар өртенуге шақ қалған. Жарық көзі құрылғыларының тозығына дейін жетуіне кімдер кінәлі? Және мәселенің қашан шешілетіні әзірге белгісіз? Бұл сұрақтарға қос тарап нақты  тарап жауап бере алмады. Күрмеуі күрделі мәселе ашық күйінде қалады. Сондықтан SARYARQA телеарнасы тілшілерінің үнемі назарында болады. 

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар