МАРАЛДЫ МЕКЕН

16:31, 15 мамыр 2019

Сарыарқаның сайын даласында 100 жылдан бері жойылып кеткен жабайы марал қайта мекендей бастады. Суық қолдан аман болса, түз тағысының көбейетін күні алыс емес. Бұл 2011-ші жылы негізі қаланған Осакаров ауданына қарасты «Бұйратау» мемлекеттік-ұлттық табиғи паркінің кешенді қызметінің жемісі. Орманшылар маралдардың тағы бір тобы табиғат –анаға еркіндікке жіберді

Инспекторлар маралды кең далаға еркіндікке жібергенмен,олардың бір бірін бөлінуге бейілдік танытпағаны таңданыс тудырды. Әу, баста жауапты мамандар «енді ырқымызға көнбейді, бүгін табиғатқа шығара алмаспыз»-деп уайымдаған. Олай болмады.Қанша айтқанмен,түз түлігі емес пе!  Екінші мүмкіндікте мүлт кеткен жоқ,

Қаһарман ХАДАЛМҰРАТ, «Бұйратау» МҰТП табиғат кешендерін қорғау бөлімінің басшысы:

-Қазір шығарған соң күзге дейін осы қоршау маңында жүреді. Себебі жем-шөп жеп үйреніп қалған. Кейін қысқа қарай далаға кете бастайды. Бұрын орталық Қазақстанда болғанғой, кейін браконьерлік кесірінен, адам факторынан жойлып кеткен ғой.

Марал  бұрын Қарағанды жерінде көп болған деседі көнекөздер. Тек, соғыс пен ашаршылық жылдары  талайы құрбандыққа шалынған. Кейінгілері броконьерлердің қолынан қырылған. Ал,Осокаровкадағы  мемлекеттік саябаққа маралдар Қарқаралы,Көкшетау, Қатон-Қарағайдан әкелініпті. Маралдардың бір тобына  еркіндік берілсе, буыны қатпағандары саябақта қалды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ, Тілші:

-Осы саябақта 2006-шы жылдан бері осымен 7-ші мәрте маралдар сыртқа шығарылып тұр. Бүгін шамамен 40 бас марал еркіндікке жіберді, іште қалғандарын қазір мамандар санап әлек болып жатыр, мен де көмектесіп келсем.

Сонымен, қоршау ішінде 40 бас марал  қалды. Оларға   күтім жасалады. Осындағы  20 –ға жуық маман олардың  бабын жасап,санын арттырумен айналысады.

 Астан ЗАКУМБАЕВ, «Бұйратау» МҰТП мемлекеттік инспекторы:

-Қарап, күтімін жасап, жем-шөбін береміз. Қысты күндері де сол жұмыс. Құралайда туа бастайды. Кішкентай кезінде тиісуге болмайды, сырттан ғана бақылаймыз.

Қазақ табиғаттың дәл осы кезін  «құралай» күндері дейді .Бұл шамамен,мамырдың 15-нен-20 на дейінгі күндерге тұспа-тұс келеді. Осы күндері  маралдың төлдейтіні белгілі. Орманшылар  қазір жабайы табиғатқа кеткен маралдар да төлдеп, жалпы саны 500-ге жуықтады деп отыр. Бар тілек-  байтақ даланың сәні қаскөйлердің қанжарынан  аман болғай!

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар