МАРАФОНДЫ ҚОЛДАЙЫҚ!

17:57, 17 мамыр 2019

Мамырдың 19 күні Қарағандыда «Armanga jol 2019» атты жартылай марафон өтеді. Аталмыш шарада мыңдаған Қарағандылық мәрені бастап береді. Жүгіру жолы қаламыздағы басты көшелерін қамтиды

Таңғы сағат 7 – ден түске дейін  мына көшелер жабық болатынын ескертеміз: Бұқар жырау даңғылының бір бөлігі атап айтқанда, (Н. Әбдіров даңғылынан Ленин көшесінің қиылысына дейін), Ленин көшесі (Бұхар – Жырау қиылысынан бастап Терешкова көшесінің қиылысына дейінгі аралық), Мұстафин көшесінен бастап Н. Әбдіров даңғылының қиылысына дейін, Н. Әбдіров көшесіндегі бір бағыттық жол мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бір бөлігі яғни  (Бұхар – Жырау даңғылынан бастап Ерубаев көшесіне дейін), Ерубаев көшесі  (Нұрсұлтан Назарбаев даңғылынан бастап Алиханов көшесінің қиылысына дейінгі аралықты қамтиды). Марафонның басталуы мен мәре сызықтары Тәуелсіздік алаңында орналасқан. Сол жерде көрермендерге арналған шоу – бағдарламамен одан әрі  жалғады. Естеріңізге сала кетейік, «Armanga jol 2019» жартылай марафоны 21, 14, 7 және 2  шақырымды құрайды. Сонымен қатар, марафонға 7 шақырымдық  скандинавтік жүру бойынша  жарыс  енгізілген.  

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар