МАҢЫЗДЫ ШАРАҒА - МЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

17:32, 11 шілде 2018

Арқа төрінде өтетін I халықаралық «Жезкиік» музыка фестивалінде - Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің симфониялық оркестрі де өнер көрсетеді. Қазір ұжым айтулы шараға тыңғылықты дайындалуда. Классикалық музыка сүйер қауым үшін өнерпаздар үздік деген шығармаларын орындайды

Қазір бас дирижер Петр Грибановтың басшылығымен симфониялық оркестр репертуар тандап, қызу дайындық үстінде. Себебі, олар жоғары талғаммен тандалған шығармалары арқылы жұртшылық назарын аударып, қалың көрерменге рухани азық сыйламақ ниетте. «Жезкиік»  халықаралық фестивалінде ұжымның 60 өнерпазы өз өнерлерін көрсететін болады. Симфониялық оркестрдің құрамын дыбыс бояуы әр алуан жиырмадан астам музыка аспаптары құрайды. Атап айтқанда, виолончель, флейта, кларнет, барабан, фортепиано бар.

Гүлнар РАХМЕТОВА, қоюшы-режиссер:

- «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі облыста алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Үлкен ауқымды шара болайын деп отыр. Сондықтан, қызу дайындық үстіндеміз.

Оркестр ұжымы ұсынатын бағдарлама әр-түрлі болмақ. Мәселен, Олар Қазақстан композиторларының Е.Рахмадиев, А.Жұбановтың, Біржан-Сара мен шет елдің бірнеше туындыларын орындайды.

Естеріңізге сала кетейік, I Халықаралық «Жезкиік» музыка фестивалі шілде айының 12-14 аралығында Жезқазған, Ұлытау өңірлерінде өтеді. Оған еліміздің облыстары мен бірнеше мемлекеттерден өнерпаздар қатысады деп жоспарлануда.  

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар