МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

16:50, 27 қараша 2020

Қала тұрғындары Қазыбек би атындағы аудан әкіміне жаз мезгілінде ыстық су мәселесі мен электр энергиясының тарифі туралы өтініш жасаған болатын. Алайда шешімін таппаған осы проблеманы қоғамдық кеңес мүшелері қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездескенде жолдады

Қарағанды қаласының әкімі және қоғамдық кеңес мүшелері қордаланған мәселелердің ортақ шешімін табу үшін кездесті. Олар қаладағы қалыс қалған түрлі проблемаларды ортаға салды. Мысалы, Қоғамдық кеңестің төрағасы Қабдығали Оспанов халықтың өтінішін қағазға түртіп алып, артынша жауапсыз қалдыратын Қазыбек би ауданының әкімі Нұрлан Рыстинге шағымданды.

Қабдығали ОСПАНОВ,  қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Кешіріңіз, Құрметті әкім. Мұндай хаттарды жазуға болмайды. Біз ортақ іс жасап жатырмыз. Біз бұған міндетті түрде назар аударамыз. Бұл азаматтардың арыз тілегі..

Қала басшысы жауапты сала иелеріне тұрғындардың өтініш шағымына мардымды жауап беруді қадап айтты.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды қаласының әкімі:

- Бұл мәселені бақылауға алу керек. Нұрлан Болатұлы халықтың сұраныс тілегін жазып алу дұрыс емес, мәселені шешу керек.

Қаладағы ең маңызды проблемалардың бірі жаз мезгіліндегі ыстық су мәселесі. Қоғамдық кеңес мүшелері барлық үйде бірдей титан жоқ. Оған әркімнің мүмкіндігі жоқ екендігін шегелеп жеткізді.

Найля ҚАЙЫРБЕКОВА, қоғамдық кеңестің мүшесі:

- Біздің қазақ халқы өте көпшіл, бауырмал. Қазір өкініштісі сол, ана тілінде көп адам сөйлемейді. Мысалы, 11 жыл бойы мектепте оқыған аздық етеді. Жалпы мемлекеттік тілді насихаттауда оның бір методикасын жасау керек сияқты.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңес өкілдері электр энергиясы үшін төленетін  жоғары тариф мәселесін көтерді. Бүгінгі электр бағасы өте қымбат екенін айтты.

Николай АБТ, Қарағанды қаласы ОС тұрақты комиссиясының төрағасы:

- Антимонополиялық департамент осылай жасады. Ол электр энергиясын алатындарға «Қарағанды Жылу» өткізу компаниясы қаражат бөлінетінін айтты

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,  Қарағанды қаласының әкімі:

- Бекітілген бесжылдық жоспарлар биыл аяқталады. Бұл маңызды мәселе. Жұмыс әрі қарай жалғасады.

Жалпы, қоғамдық кеңес қаланың ең өзекті мәселелерін қозғады. Бұл аулаларды абаттандыру және жолдарды жөндеу, қоқыс шығару және облыс орталығын газбен жабдықтау. Бірлескен отырыста қала әкімі барлық сұрақтарды қамтуға тырысты. Алайда, уақыттың шектеулігіне қарай, кейбір маңызды мәселелерді жазып алды. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес өкілдеріне тоқсан сайын кездесуге уәде берді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар