МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

14:22, 5 наурыз 2020

Мәслихат ролін арттыру - бүгінгі күн үшін өзекті.Осы және басқа да, мәселелерге арналған халық қалаулыларының кезекті отырысы өтті.Оған ҚР Парламенті сенатының депутаты,Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев және Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы, белгілі заңгер Серік Ақылбай қатысты.Ауқымды шараны Қарағанды қалалық мәслихаты ұйымдастырған

Дөңгелек үстел басында өткен келелі кездесу мен жылы жүздесуге қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, Абай,Осакаров,Бұқар жырау аудандары мен Теміртау және Саран қалалық мәслихатының хатшылары қатысты.Отырысқа Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов төрағалық етті.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Осы меморандум арқылы бүгін міне, келіп отыр.Сондықтан ашық сұхбат өрбиді ғой деген ойдамын.Бұл кездесу өз тиімділігін берері сөзсіз.

Халық қалаулысы Төлеген Әшімов қатарынан 4 шақырылымның депутаты.Халықтың аманат жүгін арқалап жүрген азамат құрылыс және коммуналдық шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссияға төрағалық етеді.Ол,өзін толғандырған мәселелерді алға тартты

Төлеген ӘШІМОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Олардың бәрі осы бизнесті қолдауы керек.Тіл, мәдениет мәселесі де дұрыс.Соған көбірек көңіл бөлсе деген үміт бар.

Қарағанды қалалық мәслихатында 5 тұрақты комиссия жұмыс жасайды.Оның 30-ға жуық  депутаты халықтың аманат жүгін арқалап, өздеріне қойылған міндетті мүлтіксіз және кіршіксіз орындауда.Бұл турасында дөңгелек үстел отырысына қатысушыларға жан-жақты айтылды.Билік пен өкілетті орган арасында өзара түсіністік қалыптасқан.Заңгерлер одағының жұмысы да осыған бағытталуы тиіс.Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар, Ата заңымыздың мәслихатқа байланысты 86 баптың кейбір трамақтарына өзгерістер еңгізу қажет дегенді,-айтады

Серік АҚЫЛБАЙ, Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы:

-Біздің мәслихаттардың депутаттары өздері тандайды.Қандай тақырып бойынша, біз сабақ жүргіземіз.Сондықтан біздің мемлекет құқықтық мемлекет.Оны олар жақсы біледі.Халық қалаулыларының сауаттылығы жоғары болуы тиіс.

Қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан спикерлерге арнайы сұрақтар қойылды.Оған толыққанды жауаптар алынды.

«Мәслихат мәртебесі» туралы жаңа заң қажет -дейді, отырысқа қатысушылар. Сондай-ақ,тұрақты комиссия төрағаларына лайықты лауазым беріп, дұрыстап жалақы төлеу мен мәслихат хатшыларын төраға атымен ауыстыру жөнінде ұтымды, ұсыныстар айтылды.Сонымен қатар ірі облыс орталықтарындағы мәслихат депутаттарының санын жүзге дейін жеткізу турасында мәселе көтерілді.Бұл депутаттардың Жоғары палата өкілдеріне айтқан өтініш-тілектері.

Төлеубек МҰҚАШЕВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Қазір міне, Қарағанды қалалық мәслихат депутаттары мен заңгерлер мен кездесіп, шарт жасасып жатырмыз.Бірінші депутаттарды үйретеміз.Оларды түсіндіреміз.Бәріміз келіп осындай жұмысты бастап жатырмыз.

Қазақстан заңгерлер одағы мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының  бірлестігі  арасында арнайы меморандумға қол қойылған.Енді құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында депутаттарды оқыту мен бағыт-бағдар беру тұрғысында жұмыстар жүргізілмек. Басқосуда, құқықтық-нормативтік құжаттарды бір жүйеге келтіру мәселесі көтерілді.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар