МАҢЫЗДЫ МАҚАЛА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

15:55, 8 қаңтар 2021

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған мақаласын қарағандылық тарихшылар да зор қуанышпен қабылдады

Мемлекет басшысының ой-толғауында  шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынудың тың және тиімді тұстары айқындап көрсетілгенін айтады, Темірғали Аршабеков. Әсіресе бұл – қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге танытудың бірден-бір жолы. Түптеп келгенде әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Ал, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Алайда  ұлт шежіресін дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан Президенттің маңызды мақаласында Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керектігіне ерекше екпін беріліп отыр, - дейді белгілі тарихшы.

Темірғали АРШАБЕКОВ, тарихшы:

-Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына байланысты ең үлкен бағдарламаға тән, -соған тең деп айтуға болатын мәйекті мақала. Бұл мақаладағы ең басты нәрсе  біздің Тәуелсіздіктің  тұғыры бар,  тарихты қайта  екшеп жазу болып отыр. Тарихи кезеңдерді әлі де болса тереңдетіп, әрбір жас ұрпаққа, тек қана елімізге ғана емес, басқа да  көршілес мемлекеттерге  таныта білуіміз қажет.  Міне, мақаладағы тарихты жазудың тетігі осында тұр. Жалпы мақала тарихшылармен ғалымдарға үлкен серпін берді. Себебі біз тынбай еңбек етуіміз қажет.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар