МАММОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

17:17, 5 наурыз 2020

Қарағанды облысында алғаш рет Маммология орталығы ашылды. Аймақтың бас шаһарында бой көтерген медициналық мекеме бір мезетте 50 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Технологияның соңғы үлгісімен жабдықталған жаңа емдеу орыны мемлекеттік – жекеменшік әріптестіктің жемісі. «DiVera» медициналық орталық желісінің ашылу салтанатына онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшылары да арнайы қатысты

Аты жаман сырқаттың аймақта ең көп тараған түрі – ұйқы безінің обыры. Көбіне әйелдер қауымына тән дерттің дербес диагностикалық емдеу ошағы аймағымызда бұрын сонды болмаған. Енді міне жеке инвесторлардың қаржылық көмегімен су жаңа медициналық мекеме дауа іздеген әр науқастықабылдауға дайын. Бұл елімізде қолданысқа берілген осымен үшінші маммологиялық орталық. 

Ержан СҮЛЕЙМЕНОВ, «DiVera» медициналық орталығының бас директоры:

-Бұл орталықтың басты ерекшелігі - диагностикадан бастап, күрделі операция жасауға мүмкіншілігі бар. Жоғары дәрежелі мамандар онкологтар, гинекологтар бар. Және хирургтар бар.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ, тілші:

- Сүт - безінің қатерлі ісігін ерте кезеңнен анықтауға көмектесетін бірден бір құрылғы - томосинтез рентген аппараты. Жапонияда шығарылған жаңа технология Қарағандыға алғаш рет әкелінді. Денсаулық жағдайын анықтауға ниетті облыстың кез келген тұрғыны осы орталыққа келіп диагностикадан өте алады. Әзірге бұл барыс ақылы түрде жүзеге асады, құны 20 мың теңге.

Өткен 2019 жылы облыс бойынша 571 адамға сүт безінің обыры бар деген қорқынышты диагноз қойылған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп. Жалпы онкологиялық сырқаттанғандар санынан кенді өлке Республикада 4 орында. Сондықтан, ақ халаттылар мұндай орталықтарды ашу үлкен маңызға ие - дейді. Болашақта диагностикалық томосинтез рентгенін тегін түрде жүргізу барысы қарастырылып жатқан көрінеді.  

Диляра ҚАЙДАРОВА, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы:

- Қазіргі таңда тариф барысын ойластырып, денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс білдіріп жатырмыз. Соның ішінде, 30 бен 40 жас аралығындағы әйелдерге міндетті түрде осы рентгеннен өту керек. Кей - кездері қатерлі ісікті аңғару қиынға соғып жатады. Сондықтан, томосинтез қажет. Бұл аппарат диагнозды нақты және жылдам қоя алады.

Операциялық, реанимациялық және қабылдау секілді бірнеше бөлімнен тұратын орталық қазір штатты режимде жұмыс жасауда.. Ақ халаттылар науқастарды қабылдап, тиісті жұмыстарын жүргізіп жатқан жайы бар.

Олеся ЛИСИЦА, қала тұрғыны:

- Бүгін міне қабылдауға келдім. Өзімнің денсаулығымның жағдайына байланысты. Бұл орталықтың қызмет көрсету деңгейі маған қатты ұнады. Мен 3 емханадан жолдамамен келдім.

Мұндағы қызметтер ақылы және тегін түрде жүзеге асады. МӘМС жүйесі арқылы 12 миллионнан астам қаржыға мемлекеттік тапсырыс орындалмақ. Яғни бұл -  аймақтың 3,5 мыңнан аса тұрғыны орталықтағы томосинтезден басқа барлық қызметтерді тегін алады деген сөз.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар