МАҚСАТТЫ БАҒДАРЛАМА

15:51, 7 қараша 2019

Қазақстан кезең-кезеңге бөлінген даму жоспарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытында бірқатар бағдарламалар қолға алынған. 2030-жылға дейін тұрақты даму мақсаттары қандай?

Еліміз дамыған елдер қатарына қосылу жолында үлкен қадамдармен жүріп келеді. 20 жылдан астам уақыт ішінде мемлекет деңгейі анағұрлым көтерілді. Экономика алға жылжып, халықтың өмір сүру сапасы жақсарды. Алайда, осымен мәселелер жойылды деген сөз емес. Әр саланың өз ахуалы бар. Оларды шешу үшін тұрақты даму мақсаттары көзделген. Қарағандыда өткен семинарда мемлекеттегі актуалды проблемалар қозғалды.

Якуп БЕРИШ, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі:

-Бұл семинар халықаралық басқару ұйымдары бекіткен, мынжылдық даму мақсаттарына арналады. Бүгінгі таңда мемлекеттендіру, яғни тұрақтылыққа бейімдеу қарқын алып келеді. Сондықтан азаматтық қоғам мен үкімет мүшелерінің қатысумен өтетін мұндай бас қосулар өткізу өте маңызды.

Экономикалық зерттеулер институты өткізген бұл шарада еліміздегі 17 мәселе қозғалды. Бұл 2015-жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Маңызды мақсаттарға - кедейшілік деңгейін төмендету, сапалы білім беру, гендерлік теңдік, экожүйені қорғау және ана мен бала өмірін сақтау жатқызылған.

Заур ИБРАГИМОВ, стратегиялық зерттеме және тұрақты даму орталығы басшысының орынбасары:

-Семинар шеңберінде біз тұрақты даму мақсаттары бойынша іскерлік ойын өткіземіз. Ол Босния және Герцеговинада, Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесімен жасалған ойын. Осы ойын барысында адамдар өз пікірлерін айтады.

Жиынға қатысушылар бірнеше топқа бөлінді. Әр түрлі сала өкілдерінен құрылған  топ отанымыздағы мәселелерді қызу талқылады. Одан шығар жолды қарастырды. Ең көп қаралған мәселелер қатарына ауыз су сапасы, сапалы білім алу, еліміздегі мамандардың екі қолға бір күрек таба алмай шет ел асуы. Мұндай іс-шараның беретін пайдасы көп -дейді кәсіпкер Жұмагүл Рахымова.

Жұмагүл РАХЫМОВА, кәсіпкер-дизайнер:  

-Бұл жерден көп жаңалықтар алып жатырмыз. Өзімізге қосып жатырмыз. Келешекте жоғарыдан көрінуге тиіспіз.

Семинар нәтижесі ұйымдастырушылармен талданады. Одан аталмыш проблемалардың шешімі шығарылып, әкімдікке таныстырылады.

Құндыз ҚАНАҒАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар