МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТ МЕЖЕЛЕНДІ

15:01, 11 ақпан 2019

Биыл Нұра ауданында 30 дан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды

Ал ауылдағы ағайындар ауызсу мен сапалы жөнделген жолдардың рахат көрмек. Бұл туралы аудан әкімі Есет Байкеннің халық алдында есеп беру жиналысында мәлім болды. Өткен жылдағы әлеуметтік эномикалық көрсеткішті бағамдап келешектегі  жоспарды тұрғындарға жеткізді. Шараға  ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бақбергенов пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров қатысты.

Жаңбырбай Сақтағанов  жолдың алыстығына қарамастан Жанбөбек ауылынан арнайы келген. Жаңа әкімге ауылында қордаланып қалған ауыз су мәселесін жеткізбек ниетте. 600-ден астам халқы бар елді мекенде бар болғаны бір ғана құдық. Оған жету әсіресе аязды боранды күндері қиямет  қайым.  

Жаңбырбай САҚТАҒАНОВ,  Жанбөбек ауылының тұрғыны

-Бұрыңғы анау су құбырларының бәрі тозды. Судың бәрі далаға ағып жатыр. Бір құдықтан қара малда ішеді. Біздің Жанбөбек маңайында не өзен  көлде жоқ. Бәрі сол бір құдыққа қарап отыр.  Мынау суықта бала әйел суға барғанда тонып жаурап тұрады.

Есет БАЙКЕН, Нұра ауданының әкімі  

-Ауданымызда бүкіл ауылдандан  тек 3 ауылда ғана үйлерге су жеткізілген екен. Енді менде нақты жоспарлар бар. Қажеттісі жобалық сметалық құжатпен оның сааптамасын қолымызға алатын болсақ, облысқа барып подержка сұраймыз.

Нұралықтармен алғашқы кездесуі болған соң  аудан әкімі бірден халықты ашық пікірлесуге шақырды. Тұрғындар тарапынан да  өтініш тілектер аз болмады. Олар экология,  әлеуметтік көмек алу, денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдарын қойды. Әсіресе қараша халық ауруханаларда маман тапшылығына алаңдайды.  

Аманжол КЕНЖЕТАВ, Нұра ауданының тұрғыны

-Дәрігерлер жоқ дейді. Дәрігерлер болды осында, соны ұстау керек. Мысалы 1 оклатта болады ма, еңқұрмаса бір жарым ставкада ұстау керек.

Есет Байкен, Нұра ауданының әкімі

-Көтерілген мәселелердің әрқайсысына жеке мәжіліс өткізіп, талқылайтын боламыз.

Өткен 2018 жылды Нұра ауданы толайым табыстармен түйіндеген. Ауылшаруашылығының жалпы көлемі 27 млрд теңгені құрады. Егістік маусымында облыста бірінші болып цифрлы технологияны қолданған аймақ та осы Нұра. Нәтижесінде егін бітік шығып, қамбаға 29 мың  тонна астық құйылған.  «Рухани жаңғыру» жаңғыру бағдарламасы аясында әлеумметік маңызды нысандар жөнделіп, ауылдарда жаңа нысандар еңсе тіктеді.  Ауданның 90 жылдығына тарту ретінде 64 отбасы баспаналы болды. Есет Байкен қазір көктемгі болуы мүмкін су тасқынының алдын алу шараларын қатаң бақылауға алғанын жеткізді.

Есет Байкен, Нұра ауданының әкімі

-Егінді ауылында ұзындығы 1 км, биіктігі 2 метр болатын қорғаын бөгеті салынды. Қантай ауылында ұзындығы 2550 метр,  биіктігі 4 метр болатын, және енді 5 метрге жететін қорғаныс бөгеті сатылды.

Биыл егістік алқаптарының көлемін 15 мың гектерға жеткіз міндеті тұр. Шахтер ауылында 12 мың тонналық көкөніс сақтайтын қойма іске қосылады. 12 ауылда және Нұра кентінде 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталып,30 дан астам отбасы жыл соңына дейін баспаналы болады. 6 мектеп күрделі жөндеу жұмысынан өтіп, жылу қазандықтары ауыстырылады.

Мейірхан АЙТЖАНОВ, Нұра ауданының тұрғыны

-Маған жоспары бюджет жайында, содан кейін денсаулық сақтау саласында ұнады. Қай сала болсын көз жүгіртіп еңбек ететінін айтты. Жалпы ұнады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші

-Нұра ауданы әкімнің есеп беру кездесуінде халықты қуантқан тағы бір жаңалық бұл жолдардың жөнделуі болды. Бмыл Нұра ауданында облыстық маңызы бар 75 шақырып жол қайта қалпына келтірілмек.Бұл Есеңгелді-Қайнар, Нұра –Осакаров, Шұбаркөл-Қызылжар аралығындағы жолдар.Сонымен қатар жастар жылына тарту ретінде денешынықтыру және спорт кешенінің құрылысы басталады деген жоспар бар.  

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...