МАЙТАЛМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17:28, 29 қараша 2019

Тұңғыш Президент күні- Балқаш қаласында да ерекшесән-салтанатпен өрілді.Мерейлі мерекеге орай мысты шахар аспаздары салмағы 40 келі торт пісірді. Сонымен қатар салтанатты жиында Балқаш қаласының әкімі өлкенің дамуына үлес қосқан азаматтарды Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады

Балқаш қаласында Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар салтанатты жиыннан басталды.Шахардың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан азаматтарды қала әкімі Құрмет граматолары және Алғыс хаттармен марапаттады.Мереке барысында  "Жомарт жүрек"байқауының қорытындысы шығарылды.«Жыл меценаты» аталымы  «Қоңырат» корпоративтік қорына бұйырды.Зауыт қызметкері Рахман Қасенхан "Жыл еріктісі"сыйлығына ие болды.Ал әлеуметтік жобаларды дамытқаны үшін «Жанашыр» қоғамдық бірлестігіне«Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы» номинациясы табысталды.

Ораз ТӘУІРБЕКОВ, Балқаш қаласының әкімі:

-Біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл Қазақстанды дамыту үшін жасаған үлесін ұмытпай үнемі ұлықтаймыз. Егемен еліміз халықаралық келісімге өз еркімен қол қойған және ядролық қаруды пайдаланудан бас тартқан алғашқы мемлекет атанды. Бұл үрдіс  өзге елдерге үлкен үлгі.

Бұл күні балқаштық кондитерлер тосын тарту жасады. Мысты қалада дәстүрлі тәттілер  байқауы өтті. Биіктігі 3  метрлік торттың бетіндегі әдемі өрнектерді майлы креммен Балқаш қаласындағы сервис колледжінің шеберлері жасаған. Дәмі тіл үйіретін үлкен торттың  салмағы 40 келіге жуықтайды. Оны оқытушылармен студенттер екі күн бойы дайындаған.Қатардағы үстелге қойылған тәттілерге Қазақстанның  символдары бейнеленіпті.Мұны бармағанан бал тамған кәсіпкер Гүлнұр Сәрсенбаева дайындаған.

Гүлнұр СӘРСЕНБАЕВА, жеке кәсіпкер:

-Тортты мен соңғы бес жылда ұзбей пісіріп келемін.Биыл кәсібімінің көкжиегін кеңейттім.Гранттың арқасында  қажетті принтер сатып алдым. Тұтынушылардан да сұраныс көптеп түсуде.

«Ең үздік аспаздық» туынды аталымына  сервис колледжінің  ұжымы қол жеткізді.Ал жас кәсіпкерлер өз өнімдерін арнайы көрмеде көпшіліккке көрсетті. Еңбек бағдарламасының нәтижесінде олар  өз істерін өркендетті.Шағын кондитерлік өнімдер өнеркәсібі мен ұлттық киімдер тігетін цех –халықтың қажетіне жарауда.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар