ЛАТЫН ТІЛІНДЕ ЖАЗЫП КӨРЕЙІК!

11:40, 14 қыркүйек 2017

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері оқушыларға латтын әріптерін үйрете бастады. «Латын әліпбиі заман талабы» атты көрмеде балалар өз есімдерін жазып көрді. Бірнші болып латынша сауатын Қарағанды қалалық №48 мектептің оқушылары ашты

Көрме осылайша шағын сабаққа айналды. Тақтағы 25 әріпті тоғыстырған латын әліппесі ілініп,  оқушылар өз есімдерін жазып көрді. Арнайы маман қатемен жұмыс жасап, сөздің  айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерін түсіндірді. «Латын әліпбиі заман талабы» атты көрмеде де осы тақырып  төңірегінде  газет беттерінде жарияланған мақалалармен латын тіліндегі кітаптар қойылған. Алайда кітапхана қорында  мұндай    оқулықтар аз көрнеді. Сондықтан латынша жазылған кітаптардың санын арттыруды көздеп отыр. Әсіресе, балаларға лайықты жеңіл, әрі меңгеруге оңай болса деген ұсыныстары бар.  Шара барысында оқушыларға латын әліпбиіне көшудің ұтымды тұстары түсіндірілді. 1920-1930 жылдардағы қазақ ақын жазушылардың қаламынан шыққан туындылары осы тілді алғаш жазылғанын атап өтті.  Жалпы келешекте Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымы осы тақырыпта үш ай бойы тіл мамандарының қатысуымен дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымтастырмақ.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар