ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

16:51, 12 қазан 2017

Ұлытау ауданының әкімдігінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен бүгінгі күннің ең басты мәселесі – латын қарпіне көшу жайы жан-жақты талқыланды.Дөңгелек стол отырысында тиісті тұжырымдар жасалды

Келелі бас қосуға мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, ардагерлер қауымы мен жастар өкілдері қатысты. Аудан әкімі Әнуар Серікбайұлы маңызды мәселеге шынайылылық тұрғысынан қараудың қажеттілігіне  тоқталды. Отырысқа қатысқандар латын қарпіне көшудің онша қиындық тудырмайтындығына ерекше екпін салды. Мәселен, сонау 1940 жылдары сауатын латын қарпімен ашқан  аға буын өкілінің уәжі өте нанымды шықты. Әрине, латын әліпбиіне көшу болашақтың қадамы  екені даусыз. Бірақ қазірдің өзінде  алуан түрлі технологиялар арқылы бұл қаріп өмірімізге дендеп енген. Демек, оның қолданыс аясының кеңеюі - латын таңбаларын  меңгеруді жеңілдете  түседі. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенділік көрсету бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.Ал жаңа нұсқаның жүйелі, әрі мінсіз жүзеге асырылуына мүдделілік таныту әр азаматтың қастерлі парызы. Ұлытаудағы бас қосудың түйіні осыған саяды.

Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...